Денеміз біз жайлы не айта алады?

Денеміз біз жайлы не айта алады? казакша Денеміз біз жайлы не айта алады? на казахском языке


Бәріміз білетіндей, қарым-қатынас қоғамда маңызды роль атқарады. Технология саласындағы жетістіктер заманауи өмірдегі адамдардың қарым-қатынасын біршама өзгертті. Біз қосымшалардың іске қосылуы, шұғыл ақпарат жіберу үшін QR код онлайн-генераторын пайдалану, телефондарымыздағы карта навигациясы, микроблогтар, твиттер мен жедел суреттер қалыпты саналатын кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Технологиялық әлемдегі абыр-дабырдың ортасында жүріп бетпе-бет жүздесудің қаншалықты маңызды екенін ұмытып кетіп жатамыз.

Денеміз де сөйлей алатынын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Сіздің денеңіз сіз жайлы не айта алады? Ал сіз басқалар жайлы не біле аласыз? Адаммен сөйлесіп тұрғанда алынатын ақпарат төмендегідей жіктелуі мүмкін:
10% - адамның нақты не айтып тұрғаны
40% - дыбыстың екпіні мен жылдамдығы
50% - дене тілі.

Бас:
1. Басты салбыратып тұру өзіне сенімсіздікті білдіруі мүмкін. Егер біреуді мақтағанда ол басын төмен түсірсе, демек мұндай адам ұялшақ немесе жасқаншақ болуы ықтимал.
2. Құлағын сипалау немесе тартқылау – бұл ишарат сенімсіздікті білдіруі мүмкін.
3. Шынайы күлкі адамның барлық бетіне жайылады (көздерден байқауға болады).
4. Өтірік күлкі әдетте тек ерінді қозғайды.
5. Адамның басын бір жаққа қисайтуы бірдеңеге немесе біреуге қызығушылығын білдіруі мүмкін.
6. Басты шектен тыс еңкейте беру ұнатудың белгісі болуы әбден ықтимал.
7. Көзді жұму немесе кеңсірікті шымшу – бұл көбіне жағымсыз бағалаудың белгісі.
8. Тыңдаушы басын изеп отырса, әдетте бұл оның қызығушылығы бар екенінен хабардар береді.
9. Алайда шамадан тыс бас изеу – тыңдаушының қызығушылығы жоқ, бірақ дөрекі көрінгісі келмейтінін білдіреді.
10. Егер сөйлесу кезінде сіз мұрынды уқаласаңыз, бұл сіздің күмәнді екеніңізден немесе идеядан бас тартқыңыз келетінінен хабар береді.

Дененің жоғарғы бөлігі:
1. Иықтарды түзулеу күш пен батылдықты көрсетуі мүмкін.
2. Құшақтау – сөйлесуге / байланыста болуға дайын екенін айтады.
3. Қолдарын айқастыру арқылы адам өзі мен басқалар (немесе солардың айналасындағылармен) арасында бөгеу бар екенін айтқысы келеді, сонымен қатар наразылықтың белгісі.
4. Саусақты бағыттап сөйлеу агрессия немесе адуындық ретінде қарастырылуы мүмкін.
5. Мойынға жанасу арқылы басқаның әңгімесін қызықтап тұрғанын және абыржығанын білдіреді.
6. Қолдарды жоғары және сыртқа қарай қозғалту қарым-қатынастың ашық және позитивтік сарында екенін білдіреді.
7. Адамды итеріп тұрғандай, сыртқа қарай бағытталған саусақтар белгісі тоқтатқысы келетінін және жақындамауды сұрайтынын айтады.
8. Егер саусақтар айқасып тұрса немесе саусақтардың ұшы бір-біріне тиіп тұрса, бұл адамның ойланып және бағалап отырғанын білдіреді.

Дененің төменгі жағы:
1. Қолдарыңызды жамбасыңызға қою арқылы сіз құлшыныс пен дайындықты (ал кейде агрессияны) көрсете аласыз.
2. Жамбасты алға шығарып, ал денені артқа қарай қайыру – күшінің бар екенін көрсеткісі келеді.
3. Аяқтар бір-бірінен алшақта орналасқан болса – билік пен басымдыққа ие екенін көрсету.
4. Адам аяқтарын айқара ашып отырса, демек ол осы ортада өзін қауіпсіз сезінеді деген сөз.
5. Айқасқан аяқтар аяқ бұлшық еттерінің қаншалықты қатайып тұрғанына байланысты босаңдық, ыңғайлылық немесе қорғану ұстанымын білдіреді.
6. Өзіне сенімді және қарымды адамның тобығы екінші аяғының үстінде орналасып, үстіңгі аяғы сыртқа қарап тұрады.
7. Егер аяқтарыңызды айқастырып отырсаңыз, зерігіп отырғаныңызды немесе шыдамыңыз таусылып бара жатқанынан хабар береді.

Көздер:
1. Көзін төменге түсіріп тұрса, бұл қорқыныш, айыпты сезіну немесе бағыну сезімдерінен хабар беруі мүмкін.
2. Қабағын түсіріп, көзін сығырайту мән-жайды түсінуге тырысу дегенді білдіреді.
3. Көзді жалтарту сөйлесіп тұрған адамға сенімсіз екеніңізді немесе түсінбей тұрғаныңызды білдіруі мүмкін.
4. Жиі жыпылықтау қобалжудың белгісі.
5. Егер сіз біреудің көзіне тіке қарасаңыз, өзіңізге сенімділікті көрсетесіз.
6. Көздерін бақырайту бірдеңеге немесе адамға үлкен қызығушылықты білдіреді.
7. Егер әңгімелесу барысында айтылған сынға наразы болсаңыз, сіз көзіңізді лезде басқа жаққа бұрасыз.
8. Бірдеңені есіне түсіргісі келетін адам, әдетте жоғары және оң жағына қарайды.
9. Жоғары қарау яғни бірдеңені ойлау.

Оқиғалар шекарасы
Сізбен мынадай жағдай болды ма: бөлмеге қандай да бір мақсатпен кіресіз (мысалы, бірдеңені алу үшін), ал кейін не үшін келгеніңізді ұмытып қаласыз? Және қайта айналып келмейінше есіңізге түсіре алмайсыз. Сөйтсе, мұндай бір сәттік естен адасудың себебі есікте екен.
Нотр-Дам (АҚШ) Университетінің психологтары анықтағандай, есік тесігінен өткенде санамызда «оқиғалар шекарасы» механизмі іске қосылады. Санамыз ойлар жиынтығы мен естеліктерді бір-бірінен бөлек қарастырады – кино эпизодтары сияқты. Сіздің миыңыз алдыңғы бөлмедегі ойларыңызды автоматты түрде «архивке жібереді» де, жаңа әсерлерге кеңістікті тазартады. Мұндай «оқиғалар шекарасы» бастапқыда біздің басымыздағы ақпараттарды реттеу үшін пайда болған, өйткені біз әрдайым қозғалыста боламыз және жаңа тапсырмаларға кірісіп кетеміз. Ал естен адасып қалу – бар-жоғы жанама әсер.