Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дінтану | Хасан Ибн Саббах және Ассасиндер

Бөлініс – адамзаттың баяғыдан келе жатқан соры. Бірақ бұл жаратылыстағы қозғалысты қамтамасыз ету үшін, яғни өмір өлім айналымын тудыру үшін қажет болғандықтан, адамдар еріксіз, тіпті бейсана қалыпта бұл үрдіске тартылып кетеді.
Бөліністің бір түрі жаратушыны тану мәселесіне қатысты туындайды. Осыған байланысты әлемде бірнеше дін пайда болды. Түп негізінің бір екені мәлім болса да, адамдар топтарға бөлініп алып, дінді саяси билікке талас құралына айналдырып, дүниені бөліп жарып қақтығыс тудырады.
XXI ғасырдың басы діни көзқарастар айырмашылығы негізіндегі қақтығыстарға толы екендігін көзімізбен көріп отырмыз. Мұның бәрі діннің түпкі мәнін түсінбеушіліктен болып отыр.
Әлемдік тарихта, әсіресе Шығыста дін саяси қоғамдық өмірде ежелден ақ шешуші роль атқарып келеді. Шығыс (Орта және Таяу Шығыс) пен Солтүстік Африканың орта ғасыр тарихында дін тарих шеңбері айналуының басты факторы болды. Бұл VII ғасырда Шығыста ислам дінінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ислам иудаизм, христиандықтан кейінгі үшінші және соңғы монотеистік дін.
Ислам дінін ұстаушылар үлкен екі ағым сүнниттер мен шииттер болып бөлінеді. Қазіргі таңда шиизм Иран Ислам Республикасының ресми діни ұстанымы болып табылады. Иранда халықтың 97 пайызын шииттер құрайды./21/
Диплом жұмысының тақырыбы «Исмаилизм: Хасан ибн Саббах және ассасиндер» деп аталады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Теледидардың жастардың пікіріне ықпалы

Дипломдық жұмысымның кіріспесін күллі Алаштың арыс-ақыны Мағжан Жұмабаевтың «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» атты өлең жолымен бастауды жөн көрдім:

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер –
Мен жастарга сенемін!

Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кеден ісі | Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі

Бүгінгі таңда экономиканың дамуы – ел арасындағы және бірыңғай бүкіл әлемдік шаруашылық кешендерімен ерікті түрде сауда жасауға ұмтылудағы, тауарлар мен қызметтер айырбастау, қаржы ресурстарының қозғалысы халықаралық келісімдердің ролін арттырумен сипатталады.
Ұлттық экономика барлық елдерде белгілі бір мөлшерде ашық түрде қалыптасады. Содай-ақ бүкіл әлемдік еңбектің бөлінуі мен бәсекелесте орын алады.
Соңғы кездерде бүкіл әлемдік сауда көлемі әлемдік өндіріске қарағанда шапшаң өсіп барады. Соған қарай сауда құрамында қызмет үлесі жоғарылап келеді, интелектуалдық меншік объектілерді сату өсіп барады, сондай-ақ елдердің арасында ақша құралдары, капитал қозғалысы, несиелер кушеюде. Осыған орай маңызды фактор ретінде кеден режимдерінің мәселелері мен оның жетіспеушіліктерін айқындау маңызды болып отыр.
Сондықтан бұл мәселелердің өзектілігіне осы диплом жұмыс арналып отыр. Бізге кеден режимдерінің теориялық негіздері мен іс-тәжірибелік негіздерін салыстыру қажетті. Кеден режимдерінің ұйымдастыру мәселелерінің себептері мен жағдайларын зерттеу маңызды орын алады. Мақсатты шешу үшін ұйымдастыру мәселесін қоғамда қатыстығын қалыптастыру мен оны алдын-алу жөнінде шаралар қолданылуы тиіс. Мәселелердің маңыздылығына қарамастан біздің елімізде кеден режимдерін жетілдіру әліде болса аз өңделген, әсіресе оның жалпы теориялық және ғылыми қойылымы жоспары аз өңделгендігі сол күйде қалуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Мемлекет және құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс тәсілдері және жетілдіру

Тақыптың өзектілігі. Қазіргі кезңде жастарға құқықтық білім берудің маңызы өте зор болып отыр. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгң қоғамымыздың заңды жалғастырушысы. Олай болса олардың сауаты да саналы азамат ретінде қалыптастырудың құқықтық тәрбие нәрін берудің қагшалықты маңызды екендігі де түсінікті. Ертеңімізді сеніп тапсыратын жас ұрпақ үшін ең қымбат қазына адам және адамның бостандығы мен өмірі болып табылатын құқықтық сана қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет болып отыр.
Ұлттық мемлекетіміз құрылып, тарихи дамудың сара жолына шығудың арқасында жаңа ққытық жүйе қалыптаса бастады.
Егеменді мемлекетіміздің құрылу тарихындағы ел тағдырына түбегейлі әсер еткен ірі өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ: олар 1992 жылы 25 қарашада «Қазақ СССР-ң мемлекеттік егмендігі туралы декларациясының, 1991 жылғы 16 желтоқсанда»Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның және ең бастысы 1993 жылы 25 қаңтарда мемлекетіміздің негізгі заңы Конституцияның қабылдануына тікелей байланысты ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Эпостағы тұлпар образы

Кіріспе
Қазақ халқының ерте замандарда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезден-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүниетанудағы көзқарасы тағы басқа жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Ауыз әдеби фольклор деп те аталады. Фольклор – ағылшын сөзі. Ол – халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар. Ал, халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды.
Жанрлық жағынан алғанда, қазақтың ауыз әдебиеті де әр алуан. Халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған шығармалар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, ертегілер эпикалық жырлар, айтыс өлеңдері тағы басқа қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрі болып табылады.
Бір халықтың ауыз әдебиетінде, айталық ертегісінде немесе батырлар жырында кейбір сюжеттердің басқа бір халықтың ауыз әдебиетіне ұқсас келетіндігі болады. Ондай ұқсастық экономикалық, тұрмыс-тіршіліктің, қоғамдық өмірдің ұқсастығынан туады. Бір-бірімен ешқандай қарым-қатынас жасамаған, шалғай жатқан халық ауыз әдебиетінде ұқсас сюжеттердің болу себебі, міне осыған байланысты.
Ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланыса отырып, оны жан-жақты суреттейді, әр түрлі бейнелеу арқылы елестетеді. Әрине, бұдан ауыз әдебиеті бірден дамыған деген ұғым тумайды. Оның кейбір үлгілері ескі дәуірде, румындық қоғамда, яғни алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған. Бертін келе қоғамдық, экономикалық жағдайдың, адам баласының дүние танудағы ой-өрісінің ұлғайып өсуіне қарай ауыз әдебиеті де дамып отырған. Демек, халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік көзқарасы тағы басқа ауыз әдебиетінің тууына және қалыптасып дамуына әсер еткен, мазмұн берген. Сондықтан да ауыз әдебиеті өзінің даму жолында талай қоғамдық құрылыс ауыз әдебиетінің идеялық бағытына, мазмұнына ықпал жасаған, әрқайсысы өздерінің мүдделеріне сәйкес ауыз әдебиетін тудырған, оны пайдаланып отырған. Яғни, фольклор үнемі “өңдеуден”, сүзгіден өтіп отырады. Сөйтіп, біртіндеп көркемдігі кемелдене бастайды.
Ауыз әдебиетінің авторлары белгісіз болады. Бұдан, әрине ауыз әдебиетінде автор болмайды деген ұғым тумайды. Онда автор болған. Фольклордың кез-келген жанрлық түрлерін әу бастан-ақ белгілі бір адамдар шығарған. Мәселен, “Ер Төстік” т.б. сияқты ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысын болса да, әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ол кезде хатқа түспегендіктен шығарушы адамның өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал, шығармалары ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай қалыптасқан.
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен бір айырмашылығы ауыз әдебиеті шығармаларында нұсқалардың көп болуында. Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің аттары ұқсас келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі, яғни нұсқасы десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Мысалға, “Қобыланды батыр” жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың жиырма сегізден аса нұсқасы бар. Олардың жалпы мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері бір-біріне ұқсас келеді. Бәрінде айтылатын басты әңгіме Қобыланды батырдың сыртқы және ішкі жауларға қарсы күресі, осы жолда оның жасаған ерліктері. Бұл оқиғалар жырдың нұсқаларында әр түрлі жырланады, ал ол нұсқаларда өзара үлкенді-кішілі айырмашылықтар болып отырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері

КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. Кітапхана — адамзат баласы жаралғалы бергі аралықта жинақталған ақыл-ойымен мәдениетінің таусылмас қазынасы. Халық сондықтан да оны қасиеттеп, қастерлейді.
Ал кітапханашыларға сол қазынаны шашып шығармай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру міндеті жүктелген. Олардың қызметінің мәні мен мазмұны ең алдымен міне осы міндетті қалай жүзеге асырып жатқандығымен айқындалмақ. Ал ол міндеттерді жоғары деңгейде атқару көптеген факторларға тікелей байланысты.
Кітапханалар бүгінгі таңда өзінің бірегей, көп салалы кітап қорымен оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші, білім беру орталығы болып саналады. Ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, пайдаланушылардың оған деген мұқтажы мен сұранысы да шексіз.
Ақпарат қоғамындағы кітапханалардың көрсететін дәстүрлі қызметтерінің бірі — ақпарат кеңістігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық тәжірибелермен алмасу болып отыр. Осы қызметке жаңаша көзқараспен қарап, әлемдік ақпарат жүйесіне сәйкес, оны жаңа мазмұнмен толықтырсақ, кітапхананың көрсететін қызметтеріне деген әлемдік сұраныс деңгейіне қол жеткізуге болар еді.
Кітапхана жұмысының нәтижелілігі оның ұйымдастыру мен басқару іс-әрекетінің дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты. Оның бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырылуы өзінің болашағын анықтайды. Кітапхананың көрсететін қызметінен, жалпы оқу үрдесі, типті қоғамның барлық саласындағы қол жеткен табыстардың алғы шарты ақпаратқа байланысты. Қай саланың болмасын шығарған өнімін оқырмандардың сұранымына, жаңа технологияға сай етіп электронды ресурстармен қанағаттандырып, насихаттау басты мақсатымыз.
Диплом жұмысының мақсаты — Кітапхана ұжымдары ерекшеліктерін зерттеу, олардың даму динамикасын және кітапхана қызметкерлері өзара қарым-қатынасы сипатын бақылау.
Зерттеу міндеттері:
— кітапхана саласын басқару мен ұйымдастыру процесінің теориялық аспектілерін ашу;
— кітапхана ұжымын ұйымдастыру, басқару және жоспарлау процесіне жалпы түсінік беру;
— кітапхана ұжымының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау;
— кітапхана ұжымының әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін зерттеп, оның психологиялық ахуалы мен мүмкін болатын ішкі қақтығыстардың туу себептерін айқындау.
Осыған орай, біз кітапхана ұжымын басқару тәсілдері мен оның жетекшілерінің мінез-құлықтарына бақылау жасап көрдік.
Әрине, бұл мәселені толық шешуді біз өз міндетімізге алғанымыз жоқ, оны соңына дейін жеткізу мүмкін де емес. Сонда да болса, диплом жұмысының деңгейінде, шамамыздың келгенінше, кітапхана ісіне байланысты кейбір мәселелерді шешудің жолдарын қарастыруға, өзімізден кейінгілерге ой тастауға әрекеттендік.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысын жазу үстінде бақылау, ауызша және жазбаша сұраққа жауап алу, кітапханашылармен және кітапхана жетекшілерімен сұхбаттасу сияқты нақты әлеуметтік зерттеулер мен кітапхана ісін бақылаудың дәстүрлі әдістемелері пайдаланылды. Сондай-ақ біз сараптама әдісін де қолдандық. Арыс ауданының ардагер кітапханашылары сарапшылар қызметін атқарады. Өз ұжымдарындағы кейбір мәселелер төңірегінде болған эңгіме мен сауалнама жүргізу кезінде олардың әділ баға бергенін атап айтқан жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Қытай халық республикасына экономикалық-географиялық қысқаша сипаттама

Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы: Қытай Халық Республикасы - Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған мемлекет. 1992 жылғы қаңтарда, дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері екі ел өз экономикаларының дамуында зор табыстарға қол жеткізді. Екі ел бір-біріне етене жақындай түсті. Шекаралық аймақтарда өзара сенім ахуалын орнатты. Екі ел арасындагы экономиқалық ынтымақтастық нығайтылып, өзара сауда-саттық байланыстары жыл өткен сайын өсіп келеді.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық-географиялық байланыстарға баға бере отырып, екі ел арасындағы жыл сайын артып келе жатқан сауда қатынастарына және оның жоспарлы бағыт-бағдарына тұжырым жасап, екі ел арасындағы ынтымақтастық, достық қарым-қытынысының дами түсуі және халықтың әл-аухатының жақсара түсуі үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарға аз да болса көмегі тиер деген оймен осы тақырыпты зерттеуді жөн көрдім..
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселлелер қарастырылды:
.екі елге географиялық сипаттама бере отырып, екі ел байланысына әсер ететін факторларға талдау жасау. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Бенедикт Спинозаның әлеуметтік философиясы

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның еркіндік туралы түсінігі тарих ағымы мен қоғамның дамуымен өзгерістерге ұшырады. Алғашқы қауымда адам ол туралы көп ойланбаған, себебі тамақ табумен қолы босамады. Бір ғасырдан кейін, анығырақ айтқанда, оның жоқ болуы, құлдық құрылым мен “ мұнараға тасталынумен ” сәйкес болды. Адам “ тамақ ” мәселесін шешкеннен кейін, бос уақыт пайда болды, адам ойлана бастады, осылай философия пайда болды. Оның “ ойланған ” барлық көптүрлігінің ішіндегісінің бірі “ еркіндік ” мәселесі болды. Қоғамда тұлға еркіндігі қоғам қызығушылықтарымен шектеледі. Әр адам – жеке тұлға, оның қызығушылықтары әрқашан да қоғам қызығушылықтарымен сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайда қоғамдық заңдар ықпалындағы тұлға жеке жағдайларда қоғам қызығушылықтарымен сәйкес іс-әрекет етуі тиіс, ондай жағдай болмаса, ол адам қоғам атынан жазаға ұшырауы мүмкін.
Қазіргі заман жағдайында, демократияның дамуы дәуірінде тұлға еркіндігі мәселесі одан әрі глобалды бола түседі. Ол қазіргі уақытта кез-келген саясаттың негізі болып қатаң қорғалатын тұлғаның еркіндігі мен құқықтары туралы заңды актілер сипатындағы халықаралық ұйымдар дәрежесінде шешіледі.
Философияның ең басты мақсаты – білімнің мағынасын ашу. Бірақ тарих көрсеткендей, осындай түсіндіру философиямен бір уақытта туындамаған. Бұл ең біріншіден, еуропалық философия дәстүрін адамды қоршаған табиғатты ұғыну ретінде ашқан көнегрек философиясы. Бірақ, адамның тек қана белгілі бір кластың, белгілі бір қоғамның мүшесі ретіндегі өзіндік дамуы емес, ол өзінің индивидуальдылығын ұғынатын тұлға ретіндегі дамуы, сонымен қатар, философия ұғымдық білім ретінде өзінің құрылымдарын жаратылыстық ғылым ойының нәтижелерімен ұштастырып, онда білімді түсіндіруге қатысты әр-түрлі сұрақтар айрықша орын ала бастады. Демек, оны ықпалды көнелік философиялық білімдер – Платондық, Аристотельдік, едәуір мөлшердегі демокриттік білім, өздерінің болмысқа және мәнге қатысты түсініктерін белгілі бір білімді түсіндіретін негізгі қағидалармен тікелей байланыстырып құрды. Демек, таным теориясының, гносеологияның сұрақтары болмыстың, онтологияның сұрақтарынан туынды болып қарастырылды. Осындай философияның онтологиялық мақсаты немесе бағыты ортағасырдағы схоластикалық философия құрылымдарында күшейе бастады. Мұндай схоластиканың онтологиялық бағытының маңызды гносеологиялық себебі – ортағасыр жағдайындағы ғылыми білімнің өте баяу дамуымен түсіндіруге болады. Спиноза дәуіріндегі философиялық жағдайдың күрделі өзгеруі, ең біріншіден, көптеген еуропа мемлекеттерінде ресми философиялық доктрина болып саналған схоластикалық философияның қағидалары және мақсаттарына қарсы бағытталған күрестің нәтижесі еді. Осы схоластикаға қарсы күрес – философиялық білімдерді жетілдіру куресі болды. Өз кезегінде, мұндай жетілдіру интенсивті ғылыми прогресс жағдайында мүмкін еді, яғни осындай жағдай көптеген білім салаларында жүзеге аса бастады, әсіресе математикалық және тәжірибелі жаратылыстануда байқалды. Ғылымның, философия тарихының, жалпылай алғанда рухани мәдениет тарихының дамуы мынаны дәлелдейді: ғылыми білімнің прогресі тәжірибелі жаратылыс танусыз және оның математикалық ұғынусыз мүмкін емес. Тәжірибе және математика – осы екі ғылыми білімнің құдіретті қозғаушы күштері көнелікте бар болатын, дегенмен, антика мәдениетінде олар әр қашанда бір-бірінен алшақтап тұратын. Антикадағы философиялық ілімдер тәжірибелі білімдердің және математикалық білімдердің ерекшеліктерін көрсетті. Ал схоластикалық философия болса, антикалық философияның көптеген ұғымдары мен категорияларын мұраланып, соңынан олармен толық байланысын жоғалтты. Сөйтіп ортағасырдың соңында, қайта өрлеу дәуірінде эмпирикалық жаратылыстану қарқын дами бастағанда, осы дәуірде математиканың жаңаша өркендеуі басталды, ал философтар схоластикалық қағидалар мен мақсаттарға қарсы күрес барысында жаңа жаратылыстанудың нәтижелерін ұсынуға бет бұра бастады. Алдынғы қатарлы философтардың философиялық білімді жетілдіруге деген талпынысы жаңа ғылымның тәсілдері мен нәтижелерін қорытындылау және ұғыну дегенді білдірді.
Зерттеу жұмысының деңгейі. Біздің ғасырымызда Бенедикт Спинозаның этикалық концепциясын қарастырып көңіл бөлген қазақ философтарының ішінде Сарымсақов Амангелдіні атап кетуге болады. Ал ресейлік ғалымдардың ішінде Спинозаның концепциясына аса көңіл бөліп, сол туралы көптеген еңбектер жазған В.В. Соколовты ерекше көрсету керек. Ол Спинозаның субстанция-Құдайын, оның атрибуттары мен модустарын толық зерттеп, этикалық проблематиканы қарастыруға тырысқанын көрсетті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк саясаттың қалыптасу кезеңдерi

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Бiздiң туған Отанымыз - Қазақстан өзiндiк тарихы, мәдениетi, дәстүрi бар ел. Ол Азия мен Еуропа аралығындағы ұлы Даланы жайлап, өзiнiң: жағырапиялық, этникалық, саяси, әлеуметтiк ерекшелiктерiмен, жер қойнауындағы орасан мол байлығымен адамзат қауымдастығында өте маңызды орын алады. Республиканың 270017,3 мың шарша шақырымнан астам байтағында 17 миллиондай адам тұрады. Яки, мемлекетiмiз жер көлемi жағынан дүние жүзiнде - тоғызыншы, халқымыздың саны жағынан 71- шi орында.
Халықаралық қауымдастықта қазақстанның беделi өсiп, салмағы артуда. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Мемлекеттiк Егемендiгi туралы декларацияның қабылдасымен егемендiгiмiздi Тұркия мен АҚШ сияқты дамы-ған мемлекеттер алғашқылардың бiрi болып таныды. Ал Жоғарғы Кеңестiң 1991 жылғы желтоқсанның он алтысында қабыл-даған: “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi” туралы Конституциялық Заңында: “…құқықтары мен бостан-дықтарының үстемдiгiн мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн - өзi билеу құқығын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды” – деп әлемге паш етiлдi. Бұдан кейiн Қазақстан Халықаралық қауымдастыққа тең құқықты мемлекет ретiнде нық басып кiрдi. Қазiр мемлекеттiмiз Бiрiккен µлттар ұйымының мүшесi, ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері

Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Жақын арада Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика салаласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті. Қазазстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында айқындалған стратегиялық бағдарламаның негізінде, біз жас буын оқымыстылар, ғалымдар өз үлестерін аянбай қосатыны белігілі.
Ұлттық экономикамыздың жеткен жетістіктерімен қоса әліде болса, шешілмеген осал тұстарымызда баршылық. Біздің борышымыз Қазазқстанның өркениетті, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етуімізді талап етеді. Қазіргі экономоикалық өсу, қоғамдағы әл-ауқаттылық жағдайы, өндірістік тиімділік бүгінгі күнннің өзекті мәселесі. Ғылыми салада бүгінгі жаңа теориялық ізденістерін тереңдетіп жетілген және жетілмеген тұстарына көңіл бөліп одан ары дамытуға өз үлестерімізді қосуға атсалысқанымыз жөн деп санаймын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық