Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Студенттік өмір туралы өлең, әңгіме, әзілдер, анекдоттар, қалжыңдар, шығарма және эссе

1,118 просмотров
спросил 08 Дек, 14 от Айдана в категории Анекдот

Студенттік өмір туралы өлең, әңгіме, әзілдер, анекдоттар, қалжыңдар, шығарма және эссе
 

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

4 Ответы

0 голосов
ответил 08 Дек, 14 от mergen

Студенттік өмір туралы негізгі көріністер

Студенттік шақ – жоғары оқу орнында оқыған немесе оқып жатқан әрбір адамның өміріндегі ең жарқын кезең болып саналады. Жастық кез қимылға, эмоциаға, өмірді тануға құштарлық пен білім жинауға толы.

Университеттің қоғамдық өмірі мазмұнды және қызықты. Әрбір студенттің белсенді өмірлік ұстанымы, патриоттық рухын және оптимисттік көзқарасы жоспар мен бағдарламалар негізінде қалыптасады. Бітірушінің бәсекеге қабілеттілігіне оның білім деңгейі ғана емес, сонымен қатар оның белсенділік, сыпайылық, мейірімділік, оптимисттік, патриоттық рух секілді рухани қасиеттері ықпал етеді. Мұндай қасиеттер студент сапалы білім алу процесі мен түрлі үйірме, конференция, конкурстарға қатысуы арқасында қалыптасады. Студенттік өмірдің ерекшелігі әрбір студенттің өз уақытын пайдалы әрі қызық өткізуі болып табылады. Сондықтан, біздің студенттер өзінің жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Олар әртүрлі сайыстарға қатысып, күлкіде университеттің деңгейін көтеретінін дәлелдеп жүрген КВН клубының талапты қатысушылары. Сонымен қатар, М. Әуезов атындағы әдеби ұйымы мен «Қаламгер»,«Көкжиек» әдеби ұйымдары, және де студенттік ғылыми үйірмелер қызмет етуде. Жыл сайын студенттік конференциялар мен республикалық студенттік ғылыми жұмыс конкурсы, түркі және славяндық жазулар мерекелері өткізіледі. Ең үздік жұмыстар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі және ғылым академиясының грамоталары және дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар студенттер «Менің Қазақстаным», «Супер студент», «Мисс ҚазҰУ», «Ана тілі аруы», «Студенттік көктем», «Жалын», «Би көңілдің жаршысы» секілді конкурс пен фестивальдарға қатысады. Факультет жатақханаларында еліміздің, университеттің, факультеттердің маңызды күндері мен мерекелеріне арналған мерекелер жиі өткізіліп тұрады. Жыл сайын шахмат, футбол, теннис, велосипед және т.б. жарыстары бойынша сайыстар мен спартакиадалар өткізілуде. Университеттің студенттік өміріне қатысып, студенттер шығармашылық мүмкіншіліктерін жүзеге асыратын өмірлік тәжірибесін жинайды.

0 голосов
ответил 08 Дек, 14 от mergen

Студенттік өмір

Автор: nurzhan92

    Өмірдегі ең қызық кезең меніңше «Студенттік өмір»! 
    … бірінші курс «балмұздақ» атанып,үлкен оқу орнын қызықтап, мұғалімді көріп арыстанды көрген қояндай қорқып, жан жаққа жалтақтап жүретін, екінші курс, университет қабырғасында бой үйреніп, сынақ кітапшасын тоқсанға толтырып, мәз болып жүретін, үшінші курс, білім алудан ұйқыны артық көретін, мұғаліммен құрбы құрдасша сөйлесіп жақсы балды қоржынға салып жүретін, төртінші курс, практика, диплом деген екі сөзді көп қайталай беретін, төрт жыл төрт секундтай өткенін еске түсіріп, сағынышпен,үлкен өмірге аяқ басатын кезең…
    Қызығы мен қоса шыжығы да қатар жүретін бұл кезеңде талай жастар болашақ өмірін айқындады, өмірлік жарын және достарын тапты! Біреулер үшін бұл кезең түк те қызық емес, параға қатыспай, асханаға келіп кетуді қанағат тұтатын, аралық бақылау кезінде бір келіп мұғаліммен «келісімді түрде» баға алатын жастар да бар (стереотип солай қалыптасқаны соншалық, әдетте олар жастар арасында үлкен сый құрметке ие болады)… Біреулері үшін бұл уақыт алтыннан қымбат, күні түні кітаптан көз алмай, білім алу, оқу, болашағымды жасайтын өзім деп бір минутын құр жібермейтін жастар да бар (бұндайларды «оқымысты» деп шеттетуі мүмкін кейбірлері)… Біреулер үшін бұл уақыт бойда бар талантын ашуға көмек береді… Біреулері студенттік қоғамдық өмірге белсене араласу арқылы өзіне тәжірибе жинайды… бір студент сөйлеуді үйренеді… біреулерін мүлдем түсіну қиын, сабақтан қалмайды, сабақ айтпайды не тобымен араласпайды…
    Студенттік өмір туралы айта берсе том том кітап шығады! Сол кітапты оқыған кезде қызықты, айтып берерге тұрарлықтай қылу ол әрбір жазушының(СТУДЕНТТІҢ) қолында!!!

    0 голосов
    ответил 08 Дек, 14 от Асыл

    Студенттік өмір қалжыңдарынан

    Студенттік өмір қалжыңдарынан

    Институттағы қабылдау комиссиясы. Төраға кезекті студенттен сұрап отыр:

    — Айтыңызшы, неге оқуға түсу үшін осы институтты таңдадыңыз?

    — Ақымақ сұрақтар қоймашы, әкетай.

    ***

    Студент аудиториядан шығады. Жолдастары тықыршып:

    — Қалай, тапсырдың ба?-дейді.

    — Тапсырған сияқтымын...

    — Ол не сұрады?

    — Қайдан білейін, ол ағылшын тілінде сұрады ғой.

    ***

    Бір студент қарны ашып қаланы аралап жүрiп, саябаққа көзi түсiп кетiптi. Қараса, адамдар жануарларға нан, бөлке лақтырып жатыр екен.Cөйтiп ол бiр маймылды өлтiрiп терiсiн жамылып, темiр тордың iшiнде қарны тойып отыра берiптi. Cодан сесия басталатын уақыт. Кiрген тордан қалай шығарын бiлмеген жiгiт: «Өтiрiк өлсем шығарып тастайды» деп ойлапты. Сөйтіп, өтiрiк өлiп қалыпты, оны адамдар өлiп қалды деп арыстанның алдына апарып тастапты. Өлген жерiм осы деп жiгiт арыстаннан қатты қорқып отырса, арыстанның терiсiнен бiр бас шығып:

    — Бауырым қай универден боласың,- дептi...

                                                                                                                                         ***

    Таңертең қыздар төрт түрге бөлінеді: Біріншісі: боянбай-ақ қояйын, бірақ ұйықтайын. Екіншісі: боянбай-ақ қояйын, бірақ, тамақ ішейін. Үшіншісі: ұйықтамайын, тамақ ішпейін,бірақ боянайын. Төртіншісі: тамақ ішейін, ұйықтайын, боянайын, бірақ, барлық жерге кешігейін.

    ***

     Екi студент сессия алдында:

    — Не оқып отырсың?

    — Квант механикасын.

    — Кiтапты неге төңкеріп ұстап отырсың?

    — Бәрiбiр ғой.

    ***

    Студент қыз агент арқылы суретшi жiгiтпен сөйлесiп отыр: 
    — Ой, мына жiбергенiңiз қандай қызық смайлше! Ешқашан бұндай смайлше көрмеп едiм!
    — Кешiрiңiз, қарындас, бұл менiң суретім ғой.

    ***

    7 студент суретке түсiп жатыр екен. Бiресе, 4-еуi турып, 3-еуi отырып, кейiн керiсiнше, 3-еуi турып, 4-еуi отырып жүр екен. Бұларды көрген бiр кiсi келiп:

    — Неге олай түсiп жатырсыңдар ? —десе, олар:

    — Жұмысың болмасын, бiз 3х4 суретке түсiп жатырмыз, — дептi.

    дереккөзі: http://massaget.kz/layfstayl/ezutartar/154/

    0 голосов
    ответил 08 Дек, 14 от Асыл

    Қазақша өлең: 17 Қараша - Студенттер күні

    Студенттер, аяулы ақ мамандар,
    Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
    Қыз қуып терезеге қарағандар
    Білім қуып бөлмеге қамалғандар.
    Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
    Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер,
    Ауылға жиі айтатын сәлемдері:
    “Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!”
    Студенттер, сарылып ой қуғандар
    Қарынды қанағатқа тойдырғандар
    Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
    Күн сайын, апта сайын той қылғандар.
    Студенттер, болашақ жас мамандар,
    Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
    Бастарына тек кітап жастағандар,
    Студенттер, ұстазға ұнағандар.
    Сүрінгендер, кей жерде құлағандар
    Қайтадан тапсырам деп жылағандар
    Тәттіні, ащыны да татып тұрар
    Студенттің жан сырына құлақ саңдар,
    Сонда да жандарында жанып тұрар.
    Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды,
    Студенттер,
    Студенттер,
    Бақыттылар!!!

    Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/olen/1854-student.html?Like 
    © www.ZHARAR.com

    Загрузка...

    837 вопросов

    1,005 ответов

    265 комментариев

    27,990 пользователей

    ...