Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Қарттар күніне мәлімет керек

156 просмотров
спросил 01 Окт, 14 от аноним в категории Жизнь, Семья, Советы
теги изменены 01 Окт, 14 от ZHARAR
Қарттар күніне мәлімет керек

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 01 Окт, 14 от mergen
редактировать 01 Окт, 14 от ZHARAR

Қарттар күні мерекесі ХХ ғасырда пайда болған. Бұл аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.

   Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 1990 жылығы 14 желтоқсандағы № 45/106 қарары негізінде 1 қазанды халықаралық қарттар күні есептеуге қаулы етті.
   Басында қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.
Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғыз қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік - тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.
   Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді.
   Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты, ол зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін (мемлекеттік бөліп тарату және жинақтаушы), мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайына бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметтік көмек беруді қамтиды.

901 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,052 пользователей

...