Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру сынып сағаты, тәрбие сағаты, ашық сабақ, сценарий керек?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

7 Ответы

+1 голос
ответил 16 Окт от ZHARAR
выбран 22 Окт от ZHARAR
 
Лучший ответ

Қазақша тәрбие сағат: Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. 
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар

толық нұсқасы: https://www.zharar.com/kz/tarbie/12136-ruhani_sagat.html

+4 голосов
ответил 12 Окт от Асыл

Қазақша ашық сабақ: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Шеберлік сағатының тақырыбы «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру . Туған жер » бағдарламасы негізінде « Күй құдыретінің ұрпақтар арасындағы сабақтастығы
 
Шеберлік сағатының мақсаты: Саз мектебі оқытушыларына аспапты меңгертуде ұсынылатын әдістер мен тәсілдерді үйрету.
 
-Елбасы Н.Назарбаевтің мақаласынан . Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.
 
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
 
Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады – дегендей осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатым .
+1 голос
ответил 12 Окт от mergen
Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жобасы елім, жерім деген әрбір қазақстандықтың ойланатын ісі деп білемін. Жолдаудың қазақ тілінде ғана жариялануы, жерін басып, суын ішіп жүрген қазақстандыққа үлкен ой салады. «Мен өткен өмірімде Қазақстанға, туған жеріме қандай игі іс істедім»,- деп өзінің істеген ісіне баға беретін кез келді.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сонау Құтты білек тағылымдарында, Дулат шығармаларында, одан бері Әл-Фараби, Абай, Мұхтар, Шәкәрім тағылымдарында рухани құндылыққа үлкен мән берді. Абайдың бес нәрсеге ғашық болып, бес нәрсеге асық бол деген өлеңі бәріміздің санамызда болуы керек. Сондықтан еліміз мықты, жауапкершілігі жоғары ұлт болу үшін өз көзқарасамды ортаға салуды жөн көрдім.
Біз дамыған алдыңғы қатарлы ел болу үшін тілімізді, дінімізді, рухани дәстүрімізді, мәдениетімізді дамытуымыз керек. Дамытқан кезде барлығы бір-бірімен үнемі рухани байланыста болуы шарт. Замана сынына сүрінбей озық дәстүрлерді табысты жаңғыртуымыз қажет. Елбасы бес басымдылыққа ерекше тоқталған екен. Оның біріншісі-бәсекелестік. Бәсекелестік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық жаһандық нарықтағы бағасы. Ұлттың табысты болуы - оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады.
18 ғасырдағы Ыбырай Алтынсариннің «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» атты өлең жолдары әліде өз құнын жойған жоқ. Білімді, көзі ашық көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет.
А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін дамыту, жасөспірімдердің интелектісін байыту, балалардың кітапқа қызығушылығын арттыруда біршама қыруар жұмыстар жүргізілуде. Америка Елшілігімен бірлескен жобалар іске асырылуда. Әлеуметтік жағынан тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларына арналган ағылшын тілі мектебі (ACCESS), шетелдерде білім алуга кеңес беру (EducationUSA), бағдарламалармен оқыған түлектермен жұмыс (білім,тәжірибе алмасу, әртүрлі волонтерлық жұмыстар, мәдени іс-шаралар), «Мейкер спейс» (МаkеrSрасе) алаңы ашылды. Бұл алаңға - мектеп оқушылары шақырылып, оларға компьютерлік бағдарламаулау, ЗД принтермен модельдеу, тренингтер мен шеберлер сабақтары (3D modeling workshop, ElectriCITY club, Arduino club, MakersMovie club, 3D Art) жүргізілуде. Шетелде «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу үшін әртүрлі тест сұрақтарын шешіп, дайындық сабақтарын өтеді. Мысалы, TOEFL, IELTS, SAT, GRE тестеріне дайындалады. Мектеп оқушыларына арналған тегін ағылшын сабақтары жүргізіледі. Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек делінген. 2012 жылы Елбасы 2025 жылы көшеміз деген кезде уақыт көп сияқты еді міне міне одан беріде 5 жыл уақыт өтіп кетіпті. Көп кешіктірмей ауқымды жұмыстар жүргізу міндеті тұр. Қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасы құптарлық. 100 оқулық әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударылған кезде, аударма дұрыс болса жақсы болар еді. Қазіргі аударма кітаптар өте түсініксіз, оқушылардың сапалы оқып, ұғынуына зиянын тидіреді. Сондықтан орыс тіліндегі нұсқасына жүгінуге тура келеді.
Үшіншіден «Туған жер» бағдарламасы өте құптарлық. 2013-2015 жылдары «Туған жерге тағзым» атты акция өткізілді. Шығыстан шыққан өнерпаздар, ақындар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері өз аудандарына материалдық-моральдық көмектерін көрсетіп, жалпы облыс экономикасының, мәдениетінің дамуына көп еңбек сіңірді. Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Сол себептен сол өлкеге қол үшін беруге әрбір азамат борышты. Туған жердің әрбір-сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. «Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны» атты оқушыларға тәрбие сағаттары өткізіліп, көрме ұйымдастырылды. Соңғы жылдары Қиын-Қырыш шатқалы, Ақбауыр үңгір тасы, Берел қорымы, Рахман қайнары шипажайы, Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық саябағы, Мұзтау, Марқакөл ұлттық қорығы туралы бірнеше зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар жасалды.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы құптарлық. Біз кітапхана қызметкері болғандықтан маған бұл жоба жақынырақ. Себебі Тәуелсіздік жылдарында табысқан жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы адамдардың тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшінде, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек, - деп Елбасы текке айтпаған. Сондықтан жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту үшін, алдыңғы буын ағалардың өткен өмірі үлгі.

Байланысшы: Уалханова Рақия Нұралықызы.
+1 голос
ответил 16 Окт от Айдын Марал

Қазақша тәрбие сағат: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Оқушының қабілеті: Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға. 
Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары:
* Әріптестік;
* Азаматтық жауаптылық;
* Ашықтық.
Мектеп миссиясымен үндестігі: Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру.
Жаһандық азаматтық тұлғасы: Өз Отанын қатты сүйетін, әлем халықтарын мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға.

жүктеу: https://www.zharar.com/kz/tarbie/12135-sagat_ruhani.html

0 голосов
ответил 07 Сен от Андрей

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» сынып сағаты

 2017 жылы 14–сәуірде 5 «а» және 5 «ә» және 5 «б»  7 «а» сыныптарында Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша сынып сағаты өтілді. Мақалада: Еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы жарияланған.

 

 

 

 

0 голосов
ответил 12 Окт от mergen

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы сынып сағаты

2017 жылы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру бойынша сынып сағаты өткізілді. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Сынып жетекшілер сыныптағы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып дөңгелек үстел, пікірталас, тренингтер, викториналық сұрақтар өткізді.«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының алты бағытына ерекше тоқталып, маңызды тұстарын   талқылады.

Мақалада біздің еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз, бұқаралық санамызды қалай өзгерту керектігін Елбасымызтайға таңба басқандай даралап, саралап түсіндіріп берді. Табысқа жетудің негізгі кілті ол-құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен жоғары биікке қоятын ұлт қана жететіндігін айтты.

М.Т.Шумақова

білім бөлімнің әдіскері

0 голосов
ответил 06 Ноя от Ермахан
Рухани жаңғыру бойынша слайд керек еді

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...