Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Ағылшын тілі балаларға не үшін керек? туралы шығарма шыгарма керек

93 просмотров
спросил 12 Авг от Асыл в категории Английский язык

Бала — елдің болашағы. Ертең еліміз өркендейді ме, әлде дамудан кенже қала ма, оның барлығы бүгін балаңызға қандай тәрбие мен білім бергеніңізге тікелей байланысты. Бір кісі (Қонаев шығар деймін): «Жиырма бес жастағы жігіттің қылмыс жасауына жиырма бес жыл бұрынғы жиырма бес жастағылар кінәлі» деп айтқан екен. Яғни, баланың бағытына қара да, елдің бағытын шамалай бер. Бала деген бәрі бір-біріне ұқсайды, бірақ бәрі әртүрлі, өз алдына қайталанбас жеке тұлға. Ертең-ақ әрқайсысы мықты маманға айналады. Оның қандай маман болатыны көбіне-көп атаанасының тәрбиесіне байланысты екенін жоғарыда айтып өттік. Әрбір ата-ана баласының атақты, дарынды, мақтан тұтарлық, елдің бетке ұстары болғанын қалайды емес пе! Сондықтан олар тірнектеп жинаған табысын баласының білімін арттыруға, репетитор жалдап, артық бір нәрсе үйретуге жұмсайды. Содан болар, бала он жасқа жетпей жатып, неше түрлі курстарға, музыка, би, тіл үйрету үйірмелеріне қатысып үлгереді. 

Баланы бір нәрсеге қызықтыра алсаң, өзіақ соңынан қуалап кетеді. Ақпаратты тез әрі толық қабылдайтын уақытта пайдалы ілімнің соңынан жіберуден артық дұрыс шешім жоқ шығар. Бүгінде Қазақстанның барлық мектептерінде ағылшын тілі оқытылады. Балабақшада әліппе мен біршама сөздерді меңгеріп шығады. Баланың болашағы үшін бәрі де. Барша әлем бір тілде сөйлеп кететіндей. Сондықтан ағылшын тілін үйренудің қажеттілігі туындайды. Онсыз жұмысқа тұру, адаммен сөйлесу, ақпарат алмасу, мамандық игеру мүмкін болмай қалады. Тіпті, Макдональдсқа жұмысқа тұру үшін де ағылшын тілін білу керек.

Сонымен, шет тілін, оның ішінде ағылшын тілін балаға не үшін үйрету керек?

Қазір басы артық бір шет тілін білгенің үшін еңбекақыңа қосымша ақы қосылады. Кейіннен резюмеңде бір шет тілі болмаса, қоқыс шелегіне қарай ысырылып қалатын заман тууы ғажап емес. Сондықтан баланы осы кезден бастап, болашақтың талабына дайындау қажет.

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 13 Авг от Асыл

Шет тілін білу қазіргі заманның талабы емес пе? Сондықтан балаға жастайынан шет тілдерін үйрете бастау керек. Жастар жаңа информацияны (ақпаратты) тез қабылдайды деп жатады ғой. Уақытты босқа жіберіп алмау қажет.

0 голосов
ответил 13 Авг от Асыл

Адам əр кез даму үстінде болуы қажет емес пе?)Ағылшын тілін білгеннің зиянынан пайдасы əлдеқайда көп. Ағылшын тілі балалардың уақытын босқа алады деп ойлайтындар қатты қателеседі. Басқа тілді еркін меңгеру адамның сана-сезімін,ойлау қабілетін шыңдайды,есте сақтау қабілетін жақсартады,өмірге деген көзқарасын өзгертеді,шетел əдебиеті

оставил комментарий 13 Авг от Асыл

Sonimen katar, agilshin tilinde zhaksi kitaptar, informacia tabu ongairak. Mening okitin kitaptarimning bari agilshin tilinde (kazaksha, tipti, orissha audarmalari zhok...).

918 вопросов

1,141 ответов

289 комментариев

28,075 пользователей

...