Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Құда түсу дәстүрінің реті қалай?

478 просмотров
спросил 18 Июнь, 15 от Аманғали в категории Салт-дәстүр

Құда түсу реті қалай?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 18 Июнь, 15 от mergen

Құда түсу реті қалай?

image

Құда түсу – ежелден келе жатқан дәстүр. Құда болудың бірнеше жолдары бар. Екі адам достықтары артып, туыс болғысы келсе, балалы болмай жатып, құда болып жатады. Бұндай құдалықтың түрін «бел құда» деп атайды. Ежелден келе жатқан құдалықтың тағы бір түрі – «бесік құда»Екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып қояды. Бесікте жатқан қызға сырға салу дәстүрі қалыптасқан. Қыз бойжеткенде, ұл жағы атастырып қойған қызға құда түсіп келеді. Бұл да үлкен тойдың бірі. Қазіргі кезде де осы салт-дәстүр ұмыт болмаған.

Мұндай құдалықтың бір түрі – қыз бойжеткенде ұл жақ сырға тағып, құда түседі. Оны, әрине, қыз бен жігіттің келісімімен жасайды.

Алдымен, «Қыз таңдау» таңдау дәстүрі жүзеге асады. Бозбала көңілі ұнатқан қыз баласын толықтай өз зердесінен өткізіп, таңдап алады. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке-шешесіне сездіреді.  Осылай «Қыз таңдау» дәстүрі «Қыз айттыру» дәстүріне жалғасады. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызының қарғыбауына» деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға мен сақиналар сыйланады. Одан әрі жалғасатын дәстүр «Жаушы жіберу» деп аталады. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышының сыртына шығарып, екінші балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп «қарағым, көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді. Бұл – уәде пісті деген сөз. Қонақжайлы қазақ, жаушы келген кезде, қонақжайлылық танытып, дастарқанын жайып, қарсы алады. Мал сойылып табақ тартылады. Қыз бен ата-анасы қарсы болмаса, жаушының өтінішін қабыл алып, екі жақ құда болысады. «Құдалық берік болсын!» – деп, жаушыға кәдесін жасап, шапан жауып, ризашылығын білдіреді. Осыдан кейін, жігіт жағы «құда түсуге», ал қыз жағы «қыз ұзатуға» дайындық жасайды.

  Қыз жағы да осы үлкен тойға дайындалып, құдаларын күтеді. Құдаларды күткенде, мағынасымен орындалатын салт-дәстүрлер тойға көрік беріп, гүлдендіре түседі. Құда түсушілер кіре берісімен,«табалдырық аттау» кәдесін құдалардан алады.  Жігіттің туған-туысқандары құдалыққа қыз ауылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық-бауыр асату, құда тарту, ұн жағу т.б. дәстүрлер орындалады. Күйеу балаға шашу  шашады, отқа май құйғызады. Алдын ала белгіленген адам құдалардың сырт киімдерін шешіп кетерде киіндіріп, «киім ілер» кәдесін жасайды. Той үстінде құдалардың осы тойын қызықты өткізетін ерекше дәстүр – «құйрық-бауыр асату». Құйрық бауыр асатудың мағынасы: «Құйрықтай тәтті, бауырдай жақын болайық» дегенді білдіреді. Бұл дәстүр құда болудың белгісі. «Құйрық бауыр»асатқан келіншектер алған кәделерін бөліседі. Толып жатқан кәделердің бір қызығы – «ұн жағу»кәдесі. Ол да мағыналы, әзіл-шыны аралас. Ұндай жұғысты болайық деп, құдалар бір-бірінің беттері мен үстеріне ұн жағады.

Қыздың туған-туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Бұл дәстүр «Есік-төр көрсету» деп аталады. Құда түсу тойындағы кәделер қайта қайталанады. 

Күйеу баланың қалыңдығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін «ұрын той» өткізеді. Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, желі тартар, ит ырылдар, бақан салар, үйге кірер, кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек саллар, қызқұшақтатар, шаш сипар, көрпе қимылдатар кәделері алынады.

Одан әрі ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, үзік жабар,бау-шу байлар, отау байғазысы кәделері  «қыз ұзату тойында» алынады. Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады. Тойда түрлі ойын-сауық өткізіледі. Қыз аттанарда «сыңсу»айтады. Ал, келін түсіру тойында «Беташар» жыры айтылады. Той, негізінен қыз ұзату тойымен бірдей өткізіледі. Халқымыздың дәстүрінде той ешқашан тарқаған емес. Келін түсіру тойы араға уақыт салып шілдехана тойымен жалғасып жатады. Атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр – ұлттық құндылығымыз.

Дереккөзі

0 голосов
ответил 18 Июнь, 15 от mergen

Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену...

Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену...

Бірге аттанып болашаққа, өмірге
Тікті бүгін ортамызға отауын.
Қуаныш пен шаттық орнап көңілге,
Тойламаққа келді бүгін көп қауым...

(Х.Сыдықов)

Ұл бала ер жетіп, қыз баласы бойжеткен шақта әрбір ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруды» ниет етеді. Қадым замандарда қазақ қыз баланы 13-14 жасында, ұл баланы 14-15 жасында үйлендіретін болған. Жастарды неғұрлым ерте үйлендірсе, жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпағы көп, дені сау, мықты болып қалыптасады деген түсінік - бұл ғұрыптың негізгі себебі. Үйлену салтының осы аталған дәстүрлі бітімі негізінен ХХ ғасырдың орта шеніне дейін некен-саяқ сақталып келді. ХХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін жастар 20-25 жас аралығында үйленіп тұрмыс құратын болып келсе, соңғы ондаған жылдар ішінде некелесу 28-30 жасқа дейін ұзарып келе жатқаны байқалуда. Бүгінгі әңгімеміз бұл жайында емес еді, біздің мақсатымыз - ұмыт қалып, қолданыстан шығып бара жатқан үйлену салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарды бүгінгі қазақ жастарына ұлықтау еді.

Данышпандарымыз "Үйлену оңай, үй болу қиын" дегендей, үйленіп, үй болу адам өмірінің ұмытылмас әрі ең жауапты кезеңі. Жалпы, ұлтымыз ырымшыл, думаншыл-сауықшыл халықтың бірі саналатындығын өзіңіз де жақсы білесіз. Және ғасырлар бойы желісін үзбей келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлер бар, яғни, ата-бабаларымыз екі жасты үйлендірмес бұрын алдымен мынадай шарт қояды: Жігіт Қалыңдықты туыстық араға жеті ата салып іздестіруі керек. Қаны жақын туыс адамдар үйленсе, біріншіден, олардан ақыл-есі дұрыс бала тумайды, туа қалғанның өзінде өмір жасы қысқа болып, саны бір-екіден аспайды. Екіншіден, ағайын, туысқан арасында әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ, бірлік бұзылады. Ал туыстық араға жеті ата толған соң ежелден жегжат екі ел сүйек жаңғыртып, қайтадан құда болысады. Осы салт арқылы ел бірлігі сақталады. «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деген нақыл сөз осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.

Қазақ халқында құда түсу, келін түсіру салты өте маңызды саналып, асқан жауапкершілікпен атқарылады. Сондықтан, ақылдаса отырып, қазақтың салт-дәстүрі бойынша "қыз көру" немесе "жар таңдау" ғұрпы жасалады. Кейбір жерлерде "жаушы жіберу" деген ертеден келе жатқан дәстүр бар. Ол - қыз айттыруға баратын өкіл. Жаушы қыздың әке-шешесімен сөйлесіп, бойжеткенге құда түсіп, "қыз айттыру" дәстүрін орындайды. "Құда түсу" дәстүрі осы кезде белгіленеді. Осылайша екі жақ қазақ халқының салт-дәстүрін біріге орындайды. Тумысынан қонақжай қазақ жаушы келген кезде, қонақжайлық танытып, дастарқанын жайып, қарсы алады. Мал сойылып, табақ тартылады. Қыз бен ата-анасы қарсы болмаса, жаушының өтінішін қабыл алып, екі жақ құда болысады. "Құдалық берік болсын!" деп, жаушыға кәдесін жасап, шапан жауып, ризашылығын білдіреді. Осыдан кейін, жігіт жағы "құда түсуге", ал қыз жағы "қыз ұзатуға" дайындық жасайды.


Құдалықтың да бірнеше түрі бар. Мәслен, екі кісінің достықтары артып, туыс болғысы келсе, балалы болмай жатып, құда болысады. Бұл құдалықтың түрі - "бел құда" деп аталады. Құдалықтың тағы бір түрі -"бесік құда". Екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып қояды. Бесікте жатқан қызға сырға салу дәстүрі қалыптасқан. Қыз бойжеткенде, ұл жағы аттастырып қойған қызға құда түсіп келеді. Бұндай құдалықтың бір түрі - қыз бойжеткенде ұл жақ сырға тағып, құда түседі. Оны, әрине қыз бен жігіттің келсімімен жасайды. Белгіленген күнге дайындалған құдалар, жігіт әкесі сенімді бір туысын бас құда қылып, немесе өзі болып, бастап барады. Құдалар саны мен алып баратын қалың малы әр жердің өз салтына байланысты.

Қалың малынан басқа "өлі-тірісі" кәдесіне қосылатын жоралары бар. "Сүт ақы", күйеу апаратын "ілу" дегені болады. 

Енді жігіттің ата-анасы болашақ келіндерінің ата-анасының алдынан өткеннен кейін қалыңдығын алып кетуге күйеу жігіт келеді. Сол кезде екі жасқа арналып ақ отау тігіледі. Ақ отауды тігу үстінде мынандай дәстүрлі рәсімдер жүзеге асырылады:

1. Құдай жолы;
2. Кереге керер;
3. Шаңырақ көтерер;
4. Уық шаншар;
5. Туырлық жабар;
6. Түндік жабар;
7. Үзік жабар;
8. Бау-шу байлар;
9. Отау байғазысы;
10. Мойын ұсынар.

Отауға түсу. Түн ортасы ауған кезде күйеу жігіт пен қалыңдық отауда оңаша кездеседі. Мұны «Отауға түсу» деп атайды. Қыз жеңешелері қалыңдық пен күйеуге арнап төсек дайындайды, көрпе үстіне ақ шүберек (неке жаулық) салады, тілеуін тілеп екі жасты бөлек қалдырады. Қалыңдық пәктігін жоғалтпаған болып шықса, онда жеңгелері сүйінші сұрайды. 

Қыз жасауы. Қазақта ұзатылатын қызға жасау беріледі. Оны алдын ала әзірлейді. Қыз жасауы тоғыз түрлі. Олар мынандай: Ақ отау. Екі үзік, екі туырлық, бір түндік. Көрпе-төсек. Ағаш төсек, құс төсек, көрпе-жастық, төсеніш көрпе, құрақ көрпе, жүкаяқ, сандық, жағлан. Төсеніш. Бірнеше текемет, сырмақ, откиіз, 4-5 алаша, 2-3 кілем. Киім-кешек. Әрқайсысы тоғыздан тон, ішік, көйлек-көншек, шапан, қамзол, бешпент. Ыдыс-аяқ. Қазан-ошақ, құман, саба, торсық, шара, шөміш, ожау, қасық, тос-таған, күбі, келі, кебеже, асадал, саптыаяқ, тегене. Қару-жарақ. Ер-тұрман, садақ, берік сауыт, қалқан, берен қылыш. Көлік және сауын малы. Әр түлік бойынша бір-бір мал. Сойыс малы. Сойыс малы бір, бір жарым жылға мөлшерлеп беріледі. Құрал-жабдықтар. Балта, шот, балға, ара, егеу, ине, біз, үскі, талыс және т.б.

дереккөзі

900 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,051 пользователей

...