Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Осы көктем туралы шығарманы жөндеп жазып беріңіздерші. Өте ұнап тұр!

76 просмотров
спросил 31 Март, 14 от mergen

Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады.Ағаштар бүршік жарып гүлдейді.” деген сарында басталатын.Одан бері талай көктем келді кетті.Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым. Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл.Қыс пен көктемнің алмасар уақыты.Бір бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған кішкентай балаларды есіме салады менің.Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі.Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем керісінше күшіне күш қатып, ойыннан қалып бара жатқан қысқа бұртия қалады да көз жасын төгіп жібереді. Ойынға басқа бала келіп қосылғанша осылай жалғасады.Келесі бала ол жаз мезгілі.

Биылғы көктем ерке көрінді маған.Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салды.Жүректі қобалжытады, бірақ дүрсілдетпейді.Бірақ сонысымен адамды баурайды.Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың. Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды биыл.Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де адамды қобалжытады, асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді…

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/shygarma/745-koktem.html
© www.ZHARAR.com

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

Загрузка...

837 вопросов

1,005 ответов

265 комментариев

27,990 пользователей

...