Сабақ жоспары (ұмж): «Менің дауысым» (Музыка, 1 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): «Менің дауысым» (Музыка, 1 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Кілемді қалай күту керек

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: «Менің дауысым»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1.1.1тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық материалды жатқа ойнап ән айту
1.1.2.1 өзге орындаушыларға тосыннан қосылу
Сабақ мақсаттары: • оқушылар музыкадағы «екпін» терминімен және оның сипаттамаларымен танысады;
• жылдам және баяу қарқындағы әндерді орындайды;
• екпіні жылдамнан баяуға немесе керісінше ауысатын музыка ойлап табады.

Оқушылардың сыныпқа кіру кезінде жылдам және баяу музыка кезекпен қосылады
Музыкалық сәлемдесу:
- Қайырлы күн!
- Добрый день!
- Good afternoon!
Мұғалім алдымен өзі әндете амандасып, содан соң оқушыларға да осы жаттығуды үйретеді (қол белгілерін қолдана отырып, «соль-ми» интонациялық әуенімен орындау).
- Балалар сендер сыныпқа кірген кезде қандай шығарма тыңдадыңдар? Музыка бірдей болды ма? Не өгерді?
/Екпін жылдам немесе баяу сияқты суреттелуі мүмкін/

Музыкалық шығарманың екпіні суртетте көрсетілген жануарларға сәйкес боуы керек.
Ұлудың қимыл екпіні ең баяу, ал гепардтың қимылы – ең жылдам болып табылады. Екі жануардың суреті көрсетілген (презентация).
Музыка тыңдау: В. Косенконың «Жаңбыр» пьесасы
- Пьесада тамшылардың тез, содан соң баяуырақ түсу бейнелеу әдісі жақсы көрсетілген.
Оқушылардың музыкада жаңбырдың баяу басталып жылдам жаууға ауысқанын тыңдауларын сұраңыз.

Оқушылардан сынып бөлмесіндегі заттарды қолдана отырып жаңбырдың дауысын қалай келтіреді

/Мысалы, оқушылар жаңбыр дыбыстарын қарындашты үстел бетіне тоқылдатып көрсетулері мүмкін/

Шығармашылық тапсырма:
Оқушылар топқа бөлініп жаңбырдың дыбысын, оның қарқынын келтіре отырып (жылдам, баяу жауғанын) шағын әуенін шығарады. Оқушылар ақырысында өз жұмыстарын бір-біріне көрсетеді.
Орындау-ән айту:
Оқушыларға ағылшын тілінде В.Моцарттың «Twinkle Twinkle Little Star» әнін тыңдату.
Бейнекөрсетілім қарай
«Twinkle, Twinkle Little Star» В.А.Моцарт
Twinkle, twinkle, little star,
How I wonder what you are!
Up above the world so high,
Like a diamond in the sky!

В небе звёздочка гори,
Нам дорожку освети.
Нам дорожку освети,
Будет нам легко идти.

Оқушылар сабақ барысында тыңдаған әуендер туралы өз ойларымен бөліседі.
Қай әуеннің екпіні жылдам, ал қай әуен баяу орындалғаны туралы айтады.

Cабақты «Қайтала» ойынымен аяқтау............

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қуық ауруына оқылатын дұға



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle