Сабақ жоспары (ұмж): Жауапкершілікті өз мойныма аламын (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жауапкершілікті өз мойныма аламын (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Нәрестенің есімін қалай қою керек?

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Құндылықтар»
Сабақ тақырыбы: Жауапкершілікті өз мойныма аламын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.2.1 мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсіндіру
4.1.2.2 оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсінеді;
- оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтайды.

1. Кіріспе тапсырма «Ассоциация»
- «Өзін өзі басқару» және «көшбасшы» сөздеріне ассоциация жазыңдар.

Оқушылар өз бетімен ұсынылған сөздерге ассоциацияларды тақтаға, кезекпен шығып (нұсқалар бойынша) жазады. Өз жұмыстарын, "үш шапалақ" әдісімен бағалайды.

2. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
-мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсіну;
- оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау.
3. Ойлан (топпен)
- Ересектерсіз қандай мәселелер мен істерді өзің шеше алатыныңдарыңды ойлап, жазыңдар.

Оқушылар топпен жұмыс істейді, сұрақтар мен істер тізімін жасайды. Содан кейін топтар кезек бойынша өз идеяларын оқиды, оларды тақтада көрсетеді.

4. Байқап көр (топпен)
- Оқулықтағы мәтінді оқыңыз.
- Іс-шара дайындау бойынша әр топ – штаб болып саналады. Іс-шара сәтті өту үшін не істеу керек екенін талқылаңдар.
- Кестеге негізгі қадамдарды жазыңдар.
-Не туралы келісу қиын болды?
- Өз жұмыстарыңды бағалаңдар.


Оқушылар топпен жұмыс істейді. Алдымен мәтінді оқып, содан кейін іс-шараны дайындау бойынша тапсырманы орындайды. Бағалау "Бас бармақ" әдісімен жүргізіледі.

5. Болжап көр (жұппен)
-"Көшбасшы" және "өзін-өзі басқару"сөздеріне ассоциативті қатарларды салыстырыңдар. Ортақ белгі бар ма?
- Осы сөздер арасындағы байланысты түсіндіріңдер.
- Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.
- Мектептің өзін-өзі басқару сызбасын қарастырыңдар.
- Мектептегі өзін-өзі басқарудың әрбір құрылымдық бірлігі немен айналысатынын айтып беріңдер.
- Мектептің өзін-өзі басқару мүшесі қалай болуға болады?

Оқушылар жұптасып жұмыс істейді, сұрақтарды талқылайды. Кестеде өз идеяларын көрсетеді.

Бағалау критерийлері:
-оқушылар көшбасшының жеке қасиеттерін анықтайды;
- оқушылар мектептің өзін-өзі басқару құрылымында әр министрлік немен айналысатынын анықтайды;
- өзін-өзі басқару ұйымының қатарына кіру үшін қажетті шарттарды анықтайды.


6. «Өзін өзі басқару орталығы»жобасы (топпен)
-Өзін-өзі басқару орталығының жобасын дайындаңдар: атауы, қызметтері, қатысушылар құрамы, іс-шаралар, жұмыс кестесі .........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Әрбір үйге қажетті дәрілер және алғашқы амалдар



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle