8 наурыз


Құрметті оқырмандар! 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Соған орай ана, қыз, әже, апа, әпке және әйелдер туралы тақпақтар жинағын ұсынамыз. 

Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

Бар мейірімділік анада
Ана деген бір жанды
Мейірімділік ананың
Болмас еш бір адамда.

№49 жалпы білім беретін орта мектептің
МАД тобының тәрбиеленушісі: Шаріп Жасмин
Мұғалімі Жолаева Құндыз Анатольевна



Анамыздың мерекесі
Келіп қалды жақындап
Көңілін қалай тапсам деп
Ойлап жүрім күн-түні.


Пайдалы сілтемелер:



Ананы мен жақсы көремін!

Ананы мен жақсы көремін,
Ана шаттық, бақыт береді.
Анаменен барлық адам,
Бақытты болып жүреді.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы
«Құлыншақ» балабақшасы «Жауқазын» тобының
Тәрбиеленушісі: Оралхан Ақсұңқар Шаттыққызы
Жетекшісі: Әуелбаева Жанар Жаңабайқызы


Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.


8 наурыз, ана туралы тақпақтар, әже туралы тақпақтар, әйелдер күні, анашым, әже


Керемет қой аналар

Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен
Бақытты ғой ұл-қыздар!!!

Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана!!!

Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттык кетпес баладан

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

8 наурызға тақпақтар

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Айналайын анашым,
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.


Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.

Қозы бағып жүргенде,
Жаңбыр жауды.
Бір тамшысын әкелдім,
Анам, саған!
Гүлдер жауып кетіпті
Қырды, тауды.
Бір шоқ теріп әкелдім,
Анам, саған!

Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.

Ақ мамам

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Белқопа орта мектебінің
3 сынып оқушысы: Асан Қайсар Абзалұлы
Бастауыш класс мұғалімі: Сегизбаева Гульбадан Нурлановна


Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.

Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.

Балаларға 8 наурызға тақпақтар 

мызға еркелеп,
Қуантуды қалаймыз.
Өссек егер ертерек

Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.


Мен гүлдердi жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
АйтҚан сөзiн тындаймын
Анашымды сыйлаймын

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.

Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде,
Гүл тереміз алуан
Шығып алып көк белге.

Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп.
Күн ашылса болғаны,
Көлбеңдейді көбелек.
Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып
Қызғалдақ боп құлпырып,
Көктем біздің балалық.

Еркелеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс


Құстар келіп көктемде
Ағаштар да гүлдеді.
Қырдан теріп қызғалдақ
Апам үйге әкелді.

Анам кетсе жұмысқа
Анашымды сағынам.
Құлағына сыбырлап
Анама арнап ән салам.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы
«Құлыншақ» балабақшасы «Жауқазын» тобының
Тәрбиеленушісі: Оралхан Ақсұңқар Шаттыққызы
Жетекшісі: Әуелбаева Жанар Жаңабайқызы


Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.

Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың егізі.
Әдемі сөз анамның,
Анаға айтар лебізі.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

Жүре берсем қасымда
Әйбат анам әй анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.

Еркелесем күлімдейті,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін

Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

Ұлым ұлым дейсің де
Ұрысумен ұстайсың
Күнім, күнім дейсің де
Үйде отыр деп қыстайсың
Жаным, жаным дейсің де
шапалақтан аласың
Өкпелер ем өзіңе
Әттең тәтті мамамсың


Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.



Аяулы анашым


Ақмола облысы, Астрахан ауданы
Жалтыр №4 ОМ-нің
2 сынып оқушысы: Нұрлыбек Аружан
Жетекшісі: Мажитова Алтынгуль Кабиденовна

Өмір сыйлаған анашым,
Өзіне мен ризамын.
Аяулы менің анашым
Қайда жүрсем де сағынамын.
Аялаған алақаның,
Мандайымнан сипағаның
Мен бақытты баламын.
Өскен соң, бағамын,
Алғысыңды аламын!

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен басиеміз

Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым

Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар

Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам» деп мақтанам
Түн ұйқыңды төрт болып
«Бөпешім» деп жатпаған

Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем


Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі


Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам

Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет

Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегіңде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам

Айтсаң болды тіл алам
Әйбат анам әй анам
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қашанда.
Арайлым: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем

Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін

Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін

Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем


Аяна Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі

Аяжана. Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпіт әкеп береді


-Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім бар, беретін гүлім бар. Әжетай сені жақсы көрем. Әже сізді қатты сағындым. Жаз болсын, бар сыйлығымды алып барамын.
Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар де әпереді.
Мектепке де әкеледі,
Жақсы қандай әжелерім.

Ақ анам

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
1 «А» сынып оқушысы: Джумадилова Алуа
Сынып жетекшісі: Нусипова Мадина Берікқызы


Ақ сүт беріп аялап,
Өсірген менің жан анам.
Түнде оянып ұйықтатқан,
Мені ойлаған ақ анам.

Әжем менің әйбат
Оған ешкім жетпейді
Күні бойы бірге ойнап
Жанымнан бір кетпейді.


Бота: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген- өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің,жан құрбым

Сырымды ұғатын ,
өзіңсін қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын

Аялы алақан,
Әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген

Апам мені айым дейді
Мен мұнайсам уайым жейді
Апам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді

Анам-өмір шырағы
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады


Мәпелейді, әлдейлейді бағады,
«Құлыным» деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты,
Барлығына қалай уақыт табады?

Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!

Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем

Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі


Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем

Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін

Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін

Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпіт әкеп береді


Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын

Сауле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңіліңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз

Құлпырған гүлдей
Көктемгі күндей
Жылылық маған
Төгесің үзбей

Үн қатамын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен


Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

Ақылшымыз, данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жұріңіз

Түн ұйқысын төрт бөліп
Әлпештеген анашым
Жақсы болсам асырып
Жаман болсам жасырып
Қамқор болған анашым

Ана деген асыл жандар,болаттай
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
О,адамдар ,қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды талатпай


Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы

Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен де жақсы
Ол жанымда жүрсе,менде
Батырларша батылданам

Мәпелейсің мені анам
Қасыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектепке барарда
Мейірлене қарайсың

Ақ әжем

№ 10 “Қызғалдақ” тобының
Тәрбиеленушісі: Хайром Назерке Асылбекқызы
Тәрбиешісі: Акимова Айнұр


Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ әжем.
Ертегі айтып береді,
Маған да сол керегі.

Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.

Тәттілерін сақтайды,
Нәзеркеме берем деп.
Мен тілеймін әрқашан,
Әжем аман болсын деп.

Анама

№1 Балалар үйінің тәрбиеленушісі
7 сынып оқушысы: Есрименко Диана
Жетекшісі: ҚР-ның жас ақыны Гүлсана Тилеубекова Анарбекқызы


Алла деп ашқан соң, өмірдің есігін,
Анашым әлдилеп, тербетті бесігін.
Құлаққа жағымды нәзік ол үнімен,
Тербетсін, тербетсін әр ана бесігін.

Анама

№1 Балалар үйінің тәрбиеленушісі
5 сынып оқушысы: Сәрсенбиева Айдана
Жетекшісі: ҚР-ның жас ақыны Гүлсана Тилеубекова Анарбекқызы



Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Құшақ жайдың балаға.
Айым, күнім, қызым деп,
Еркелетер анада.

Ана бақыт, ана нұр,
Әр сәбиге, балаға.
Ана кетсе елжірейді жүрегім,
Ана келсе қуаныштан күлемін.

Әке емес ана жақын мен үшін,
Ана десе, күлімдейді жүрегім.
Дүрсілдейді, гүлденеді әрқашан,
Ана бақыт, ана шуақ мен үшін.

Әжеме

Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы
№ 119 жалпы орта мектебінің
1 сынып оқушысы: Райымбек Рауан
Жетекшісі: ҚР-ның жас ақыны Гүлсана Тилеубекова Анарбекқызы


Мені ертіп жетектеп,
Осы күнге жеткізген.
Бізді бағып өсірген,
Аман болсын жан әжем.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: ZHARAR
  • 1 388 176



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 57
  1. 💔💔💔
    💔💔💔 21.01.2024 12:39
    2 + 3 -
    Менің мамам жоқ ол мені жақсы көрмейді мені керек қылмайды менің отбасым жоқ
  2. 8 наурыз мейрам тақпақ
    18 + 14 -
    1) Анашым

    Жарқын жүзді анашым,
    Құтты болсын мерекең.
    Мерекеңде өзіңді,
    Әнге қосып тербетем.

    2) Жан анам

    Жүзі жылы жан анам,
    Сіздей болсын бар адам.
    Құтты болсын мерекең,
    Мейірімді жан анам.

    3) Құтты болсын мерекең

    Асыл анам, жан анам,
    Әрқашанда жүрші аман.
    Құтты болсын мейрамың,
    Гүл көктемнен тараған.

    4) Айналайын ақ мамам

    Құтты болсын мерекең,
    Айналайын ақ мамам.
    Гүлдей жайнап құлпырып,
    Қасымызда жүрші аман

    5) Гүл анам

    Анамызды әрқашан,
    Құрметтейміз, сыйлаймыз.
    Мерекеде гүлдерді,
    Анамызға жинаймыз.

    6) Аппақ жүзді анашым

    Мерекеңмен анашым,
    Құттықтаймын өзіңді.
    Аппақ жүзді анашым,
    Тыңдаймын әр сөзіңді.

    7) Өзің жайлы әнім де

    Жан анашым, асылым,
    Өзің жайлы әнім де.
    Алақанда аялап,
    Қамқор болған бәріне.

    8) Асыл анам, ақ мамам

    Асыл мамам, ақ мамам,
    Өзің барда бақ табам.
    Бар жақсыны тілейді,
    Аман жүр деп ақ балаң.

    9) Еркелетер біздерді

    Еркелетер біздерді,
    Айым, жаным күнім деп
    Мейрімді анашым,
    Жүрші аман күлімдеп.

    10) Еркелейміз біздер тек

    Анамызға әрқашан,
    Еркелейміз біздер тек.
    Анашым мен әкешім,
    Аман жүрші сіздер тек.
  3. 8 наурыз мереке
    8 наурыз мереке 08.02.2023 15:25
    19 + 5 -
    11) Әжетай менің

    Ертегі айтып беретін,
    Әжетайым, асылым.
    Ойлап жүрер біздерді,
    Уайымдап ол жасырын.

    12) Мерекеңмен әжетай

    Әрбір көктем келетін,
    Мерекеңмен әжетай.
    Ортамызда гүл жайнап,
    Жүрші аман әжетай!

    13) Бүгінгі күн мереке

    Құтты болсын әжетай,
    Бүгінгі күн мереке.
    Жақсы көрем өзіңді,
    Әнге салып тербете

    14) Еркелетер әжемсің

    Еркелетер әжемсің,
    Бар жақсыны беретін.
    Әжетайым, асылым,
    Бізді жақсы көретін.

    15) Әжетайым, жүрегім

    Ертегі айтып беретін,
    Әжетайым, жүрегім.
    Жайнап әже, құлпырып,
    Жүрші аман, тілегім.

    16) Ақ жеңешем аман жүр

    Еркелетер біздерді,
    Ақ жеңешем аман жүр.
    Мерекеде гүл жайнап,
    Ортамызда ойнап-күл.

    17) Жақсы көрем өзіңді

    Жақсы көрем өзіңді,
    Асыл жеңгем, ақ жеңгем.
    Әр көктемде келетін,
    Құтты болсын мерекең.

    18) Әпкетайым өзіңсің

    Жанашыр жан біздерге,
    Әпкетайым өзіңсің.
    Қуантады біздерді,
    Еркелетер сөзің шын.

    19) Құтты болсын мерекең

    Келіп жеткен бүгінгі,
    Құтты болсын мерекең.
    Әпкетайым аман жүр,
    Артып шаттық, берекең.
  4. 8 наурызга такпак
    11 + 4 -
    20) Мерекеңмен сіңілім

    Сіңілім менің ерекше,
    Балдай тәтті тілі бар.
    Барша адамды баурайтын,
    Былдырлаған үні бар.

    21) Сегізінші наурыз

    Сегізінші наурыз, гүл наурыз,
    Айтатұғын жыр наурыз.
    Қуанышпен тербейді,
    Мерекелі бұл наурыз.

    22) Бүгін мейрам, мереке

    Бүгін мейрам, мереке,
    Кел билейік шаттана.
    Сегізінші наурызбен,
    Жүрейікші мақтана.

    23) Сегізінші наурыз бұл

    Халықаралық мереке,
    Сегізінші наурыз бұл.
    Әнге салып, билейік,
    Қане досым, тұрмай құр.

    24) Мерекеде ән салып

    Билейікші достарым,
    Мерекеде ән салып.
    Мерекені тойлайық,
    Бар әлемге жар салып.

    25) Сегізінші наурызда

    Сегізінші наурызда,
    Айнала гүл жайнайды.
    Өзінің гүл бағында,
    Бұлбұл құстар сайрайды.

    26) Қане қарап тұрмайық

    Мерекеде бүгінгі,
    Қане қарап тұрмайық.
    Анамызды, әпкені,
    Әнге қосып жырлайық.

    27) Білім берер апайым

    Құтты болсын мерекең,
    Білім берер апайым.
    Нұрын төгіп бұл көктем,
    Шаттаныңыз, жоқ уайым.

    28) Ерекше бұл мереке

    Ерекше бұл мереке,
    Әр көктемде келетін.
    Анамызға, апайға
    Гүл шоқтарын беретін.

    29) Мерекеден шет қалмай

    Бүгін шаттық, мереке,
    Құттықтаймын сіздерді
    Наурыздың бұл сегізі,
    Қуандырар біздерді.

    30) Құтты болсын мейрамың

    Құтты болсын мейрамың,
    Әжетайым, анашым.
    Әпкелерім, сіңілім,
    Апайларым дарасың...
  5. Гулимжан
    Гулимжан 07.03.2022 13:59
    3 + 5 -
    Ата ажеге такпак
  6. тақпақ ? 8 наурыз
    53 + 28 -
    11) Көктем ашты есігін,
    Құтты болсын мереке.
    Көктем сыйлап бақытын,
    Арта берсін береке.

    12) Шаттығына бөлейтін,
    Сегізінші наурыз бұл.
    Құтты болсын мереке,
    Тербеп сізді ән мен жыр.

    13) Аялаған анашым,
    Құтты болсын мерекең.
    Көктем күні қуантып,
    Арта берсін берекең.

    14) Жанашырым жан әпкем,
    Әуезді әнмен тербеткен.
    Сегізінші наурызбен,
    Құттықтаймын кеп жеткен.

    15) Әжетайым асылым,
    Жүзіңде мұң болмасын.
    Құтты болсын мерекең,
    Қуаныш тапсын жалғасын.

    16) Әр күніңіз жайнасын,
    Бұлбұл құстар сайрасын.
    Сегізінші наурыз бұл,
    Қуанышын арнасын.

    17) Сегізінші наурызың,
    Құтты болсын ұстазым.
    Амандықта құлпырып,
    Өте берсін қыс,жазың.

    18) Асыл жеңгем, ақ жеңгем,
    Құтты болсын мерекең.
    Отбасыңа бақ орнап,
    Арта берсін берекең.

    19) Көктем күнін бастайтын,
    Сегізінші наурыз бұл,
    Құтты болсын бұл мейрам,
    Жаудыратын тілек, жыр.

    20) Сегізінші наурызда,
    Ақ тілектер ағылар.
    Гүл көктемдей құлпырып,
    Шамнан шырақ жағылар.
  7. 8 наурызға тақпақ
    48 + 8 -
    1) Сегізінші наурыз келді,
    Құтты болсын мереке.
    Көктемдейін құлпырып,
    Арта берсін береке.

    2) Әрбір ана күлімдесін,
    Мерекеде гүл жайнап.
    Алла сәтті күнін берсін,
    Көздерінде нұр ойнап.

    3) Ақ жаулықты әжелерім,
    Мейрекені тойласын.
    Жүзіңізде күлім қағып,
    Бақ-береке ойнасын.

    4) Көңілі жаз гүл әпкем,
    Сәтті болсын күн әпкем.
    Көктемменен бірге келген,
    Құтты болсын мерекең.

    5)Құтты болсын мерекең.
    Ұстазым гүл жайнаған.
    Гүл көктемдей құлпырып,
    Жайнай берсін айналаң.

    6) Сегізінші наурыз бұл,
    Баршаға бақыт сыйлайтын.
    Құтты болсын мереке,
    Шаттық гүлін сыйлайтын.

    7) Әжелер мен аналар,
    Әпкелерім жайнаған.
    Құтты болсын мерекең,
    Жүзіңде нұр ойнаған.

    8) Ару қыздар, ау қыздар,
    Ерекше сұлу жансыздар.
    Шұғылалы ататын,
    Шырайлы ақ таңсыздар.
    Құтты болсын мерекең,
    Ару қыздар, бал қыздар!

    9) Алғашқы мейрам көктемнің ,
    Құтты болсын кеп жеткен.
    Ақ тілекпен көмкеріп,
    Айналаны гүлді еткен.

    10) Сегізінші наурыз бұл,
    Баршаға шаттық сыйлайтын.
    Құтты болсын мереке,
    Қуанышын жинайтын.
  8. 8 наурыз такпак
    8 наурыз такпак 06.03.2021 00:06
    30 + 9 -
    Алла деп ашқан соң, өмірдің есігін,
    Анашым әлдилеп, тербетті бесігін.
    Құлаққа жағымды нәзік ол үнімен,
    Тербетсін, тербетсін әр ана бесігін.
    1. Оқырман Аружан
      Оқырман Аружан 07.03.2022 11:51
      3 + 4 -
      Олен отте кушты
  9. Оқырман Ерке
    Оқырман Ерке 05.03.2021 11:27
    19 + 11 -
    Блмим
    1. Жақсыкелді Айару
      17 + 3 -
      8наурыз
  10. 8 наурызға ана
    8 наурызға ана 04.03.2021 04:04
    18 + 13 -
    Аппақ бұлттай жүзіңнен айналайын,
    Серік болсын оңыңнан туған айың.
    Жылдарың жеңіс сыйлап келер күнге,
    Келешекте құшақ ашсын күнің дәйім.

    Белестерден белге от,
    Өзендерден көлге өт.
    Қызыққа толсын өмірің,
    Бақыты қонған жерге жет!
    Достарың мың сан болсын!
    Өмірің гүл – сән болсын!
    Мерекеде мерейлі,
    Салғаның шатты ән болсын!

    Аналардан шын мейірім көресің,
    Талмай ескен өмір алып кемесін.
    «Айналайын», «Ботам» деген сөзімен,
    Қиындықтың талай шыңын жеңесің.
    Жанға сенсең тек Анаға сенесің,
    Анаменен сөгер бақыт көбесін.
    Ауырмасын асыл, алтын Аналар,
    Жаратқаным Аналарды демесін.
    Ақ жаулықты Аналар қартаймасын,
    Бақыттың нұры шалқып ортаймасын.
    Тілегі баласына қабыл болып,
    Әр күні қуаныштан той тойласын!
  11. Оқырман Дильназ
    18 + 4 -
    Бар мейірімділік анада
    Ана деген бір жанды
    Мейірімділік ананың
    Болмас еш бір адамда.
  12. Инобат
    Инобат 03.03.2021 11:42
    10 + 5 -
    Маған ұнады
  13. автор қайда
    автор қайда 03.03.2021 09:36
    9 + 7 -
    рвиа
  14. Оқырман Бану
    Оқырман Бану 02.03.2021 21:35
    11 + 6 -
    8 Наурыз құтты болсын бәрі жақсы шүкір рақмет
  15. Оқырман Аяулым
    Оқырман Аяулым 02.03.2021 14:42
    12 + 3 -
    Әлпеш деген аялаған,
    Ақ сүт берген апатайым.
    Сәлем жазып бүгін сізді,
    Мейрамыңмен құттықтаймын!
  16. өте жақсы
    өте жақсы 01.03.2021 19:59
    11 + 5 -
    өте жақсы
    1. Оқырман Айс
      Оқырман Айс 02.03.2022 20:45
      3 + 3 -
      Жақсы
  17. .
    . 24.02.2021 12:35
    13 + 7 -
    ???????
    1. Балапан Айдидар
      6 + 3 -
      оте адеми такпактар екен
  18. Оқырман алан
    Оқырман алан 23.02.2021 15:45
    13 + 5 -
    керемет такпактар 8 наурызга
  19. Bekst Gamer
    Bekst Gamer 06.03.2019 20:48
    13 + 3 -
    Мықты көп көп рахмет сіздерге
    1. Оқырман Кәусар
      Оқырман Кәусар 29.02.2024 20:32
      1 + 0 -
      Мен 5мектепте жұмыс ыстеймын
  20. Улжан
    Улжан 19.02.2019 07:39
    9 + 3 -
    Керемет өлеңдер. Рақмет сіздерге.