Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Астанамыз ерекше
Астанамыз ерекше, Жанға қуат беретін. Жарқыраған бас қала, Елім жақсы көретін.
©  Астана күні
Астанамыз ғажайып
Астанамыз ғажайып, Ерекше күй сыйлайтын. Бар жақсыны қасына, Қызықтырып жинайтын.
©  Астана күні
Астананың барында
Астананың барында, Жана түсер бағымыз. Ынтымақ пен бірлікте, Сәтті атар таңымыз!
©  Астана күні
Астанамыз жас қала
Астанамыз — жас қала, Астанасы Қазақтың. Өзіңменен Астана, Жалғасуда ғажап күн!
©  Астана күні
Астана сен бас қалам
Астанам сен бас қалам, Еліміздің жүрегі. Астанасын Қазақтың, Бүкіл әлем біледі.
©  Астана күні
Аспазшылар әр күнің
Аспазшылар әр күнің, Қуанышын сыйласын! Бақыт, шаттық сіздерге, Бар жақсыны жинасын!
©  Халықаралық аспаздар күні
Мерекеде жанданып
Мерекеде жанданып, Аспазшылар жарқыра! Тәнті етіп халықты, Ағын судай арқыра!
©  Халықаралық аспаздар күні
Жиырмасы қазанның
Жиырмасы қазанның, Аспазшылар күні бұл. Халықаралық мереке, Бізге жетер үні бұл!
©  Халықаралық аспаздар күні
Көңілде мұң болмасын!
Аспазшылар сіздердің, Көңіліңде мұң болмасын! Әр істерің оң болып, Жаратқаным қолдасын!
©  Халықаралық аспаздар күні
Аспазшылар күнімен құттықтаймын!
Жиырмасыншы қазанда кеп жететін, Аспазшылар күнімен құттықтаймын! Бар жақсыны тілеймін мен сіздерге, Жарқырасын деп лайым Күн мен Айың!
©  Халықаралық аспаздар күні
Сіздерге мен тілеймін!
Сіздерге мен тілеймін, Аспазшылар ағайлар! Аман есен жүр деймін, Тәнті боп сізге талайлар!
©  Халықаралық аспаздар күні
Шуақты атып таңыңыз!
Аспазшылар жүрші аман, Шуақты атып таңыңыз! Жадырай түс жаздайын, Гүлдей жайнап сәніңіз!
©  Халықаралық аспаздар күні
Күлкі кетпей жүзіңнен!
Күлкі кетпей жүзіңнен, Аспазшылар жүр аман! Жақсы болсын әр күнің, Жаратқаннан сұранам!
©  Халықаралық аспаздар күні
Бар жақсыны тілейміз!
Аспазшылар сіздерге, Бар жақсыны тілейміз! Еңбектерің жанданып, Аман-есен жүр дейміз!
©  Халықаралық аспаздар күні
Аспазшылар күнінде
Аспазшылар күнінде, Жарқырасын жүздерің! Аспазшылар жайнаңыз, Сәтті боп әр күндерің!
©  Халықаралық аспаздар күні
Жадырай түс, жарқырай!
Аспазшылар әпкелер, Жадырай түс, жарқырай! Тәтті болсын өмірің, Ағын судай арқырай!
©  Халықаралық аспаздар күні
Көңілдерің түспесін!
Аспазшылар ағайлар, Көңілдерің түспесін! Әрбір ісің оң болып, Сәттіліктер бітпесін!
©  Халықаралық аспаздар күні
Жадырасын жаныңыз!
Жадырасын жаныңыз, Аспазшылар жанданып! Арта берсін мәртебең, Ортамызда бар болып!
©  Халықаралық аспаздар күні
Жүзіңнен нұр таймасын!
Аспазшылар, апайлар, Жүзіңнен нұр таймасын! Дәмді, гүлді бағыңда, Бұлбұл құстар сайрасын!
©  Халықаралық аспаздар күні
Менде аспазшы боламын!
Асты дәмді дайындар, Мен де аспазшы боламын! Бар халықты сүйсінтіп, Толған айдай толамын!
©  Халықаралық аспаздар күні
Қазанның бұл жиырмасы
Қазанның бұл жиырмасы, Аспазшылар күні бұл. Құтты болсын, тілейміз, Сәтті болып әрбір күн!
©  Халықаралық аспаздар күні
Аспазшылар атыңыз
Аспазшылар атыңыз, Қуанышын жалғасын! Әр ісіңіз оң болып, Қанатыңыз талмасын!
©  Халықаралық аспаздар күні
Жазылыңыз сөнбесін!
Аспазшылар тілерім, Жалыныңыз сөнбесін! Еңбегіңіз жандансын, Қиындықтар келмесін!
©  Халықаралық аспаздар күні
Халықаралық аспаздардың күнімен
Халықаралық аспаздардың күнімен, Құттықтаймын аспазшылар сіздерді. Дәмді әрдайым асыңмен, Қуанта бер ізгі елді!
©  Халықаралық аспаздар күні
20 қазан бұл
Жиырмасыншы қазан бұл, Аспазшылар күнімен. Шаттық, бақыт, қуаныш, Кетпесінші жүзіңнен!
©  Халықаралық аспаздар күні