• »

Қазақша өлең: Таныстыру (Жігіт сұлтаны + видео)

Қазақша өлең: Таныстыру (Жігіт сұлтаны + видео) казакша Қазақша өлең: Таныстыру (Жігіт сұлтаны + видео) на казахском языке

Мейірім, нұрым- ұстазым
Нәр алған сенен ұрпағың,
Әлемнің жарық сәулесі,
Шұғыласындай сәскенің.

Құшағыңда құлпырып,
Достар менен бірге өскенмін.
...... сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы,
Ағы мен көздің қарасы,
Сыныптың жігіт сұлтаны.
Қорғап келген намысын,
Өнерге қарсы аттанған
........ мен боламын.

Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан ұлдың арын!
Ұл өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Сері болу мақсатым сегіз қырлы!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Жігіттерге әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Атым - ............. болады сұрасаңыз,
........(руы) екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты..................асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - ......... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
жаттай алса көрсін, қысқартып болсын.

Шыр етіп туысымен адам болдым,
Жыл сайынөсіп толып, өрлеп қондым.
Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
Жігіттер сайысына бүгін, міне, келіп тұрмын.

Өлшеу жоқ өнерімнің табысына,
өріске ойдағыдай барысыма.
Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,
Көрсетем үздік өнер намысына.

Ұстаздарым мейірленіп, дос сүйсінсін,
Керемет қызық өнер құрғаныма.
Бейбітшілік туы астында біз өрлейміз.
Шығамын биік өнер шыңдарына!

Мақтанам мектебімнің таңын көріп,
Көктемнің жайма шуақ таңын көріп,
Білім мен тәрбиенің күшін қосып,
Орнаған сыныбыма бағын көріп.

Қуанам сыныбымның нұрларына,
Достарымның толған ой мен қырларына.
Тәрбиелеп өсірген жемістерін
Сыныптың жақсы оқыған қыз бен ұлдарына.

Бабалар Қаныш, Мұхтар алғыс айтам
Ғылыммен елің үшін танысқанға,
Өнердің сара жолын салып берген,
Бас ием Ұлы Абай данышпанға.

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!

Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Атым - Дамир болады сұрасаңыз,
Екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!

Жігіт сұлтаны Хабар арнасында [жүктеу]

dle


Санат: Қазақша Өлеңдер жинағы

Құрметті қолданушы, Сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде кірдіңіз.
Біз сізге тіркелуді немесе өз атыңызбен сайтқа кіруді ұсынамыз.
Рейтинг:
(голосов: 65)

.


Жарнама


. .