DataLife Engine / Мақпал Мыса (Жарығым)

Мақпал Мыса (Жарығым)

Жарық дүние !
Мың сәлем жарықтарға !
Жарықты кімдер қалай парықтауда...
Күн мен түннің арасын жалғастырып,
Бір жарық ән көгімде қалықтауда.

Бақ құсы ма басыма танып қонып,
Өлең менен өрлерде қалықтадық.
Бес күн жалған дүниенің жарығына,
Келіп қалған екенбіз «жарық» болып.

Жүрміз біздер өмірдің сынағында,
Құладым ба,білмеймін жыладым ба?
Жарығым деп демейтін мені үнемі ,
Анашымның дауысы құлағымда...

Өмір деген осылай өте ме екен,
Бір басыңа қайғы–мұң жетеді екен.
Жарық жандар жанымен арай шашып,
Жарық сыйлап өмірден өтеді екен...

Мұңға тұнып мұңайды неге өлеңім,
Тағдыр менің жолымды бөгемегін!
Өліара шақ...
Беймезгіл уақыттарда,
Мен өзіңді жарығым деген едім..

Жарастырмас өмірдің бұл өктемі,
Түнді түрдім тылсыммен түнектегі.
Мен сүйгем жоқ ,
Сүйгені өлең болар...
Жарығым-ай,
жаным-ай жүректегі...
25.03.2016
Вернуться назад