DataLife Engine / Сырбай Мәуленов (Жауынгер досқа)

Сырбай Мәуленов (Жауынгер досқа)

Жер сілкінтіп, көк тербеп
Шүйілген жауға төбеден.
Карпат тауын бөктерлеп
Берлинге қарай жөнеген.
Жолың болсын, жолдасым,
Алған беттен аңырма.
Ойран етіп ордасың
Жауды бөле жалынға.
Берлин үстін бұлт торлап
Фашистерге болды сын.
Үңгіріне қос қолдап,
Таста ажал бомбасын.
Талқан боп өз жерінде,
Тартсын жауыз жазаны.
Қір орыспен Берлинге
Қостанайдың қазағы.

Майданға тудай шақырған,
Жанымен жаққан жалынды,
Аманкелді батырдан
Үйренгем атқа шабуды.
Жауына жайдай атылған
Қаны күндей қызулы,
Аманкелді батырдан
Үйренгем қамал бұзуды.
Қөсемдікті үйренгем
Көпті көрген қарттардан.
Шешендікті үйренгем
Өлеңдерден жатталған.

1945.Қостанай
04.02.2016
Вернуться назад