DataLife Engine / Жұмағали Саин (Екі өзен)

Жұмағали Саин (Екі өзен)

Мыңдар жыл аққан кәрі Еділ
Қасқая тіліп жерімді,
Келмеген кім бар саған бір,

Сүймеген кім бар Еділді.
Жағаңда туған бауырым,
Ақ жарқын орыс ұлдары,

Ән-күйге бөлеп ауылын
Атыңды атап жырлады.
Еділ, Еділ деді, Еділ,

Еділім елдің өзегі,
Еділ, Еділ, Ақ Еділ,
Еділім орыс өзені.
30.04.2020
Вернуться назад