DataLife Engine / Ахау, Айым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ахау, Айым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Атыңнан айналайын қалқатайым,
Шерімді өзіңе айтып тарқатайын.
Қолыма домбыра алып ән шырқасам,
Дауысым ашылады айтқан сайын.

[Қайырмасы]
О-о, о-оу,
Ахау, айым,
Өзіңді қуанамын
Көрген сайын.

Дауысым ашылады айтқан сайын,
Көкейде сорғалатып жырдың майын.
Түсінер сөздің нарқын кезікпесе,
Жаманға сөзді қор ғып не қылайын.

[Қайырмасы]
О-о, о-оу,
Ахау, айым,
Өзіңді сағындым ғой,
Сәулетайым.
06.02.2020
Вернуться назад