DataLife Engine / Жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығы (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығы (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақ тақырыбы: Жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.2.2.5 - жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіре, «Қызыл кітап» туралы толығырақ мағлұмат беру.

Ұйымдастыру.
(Ұ) Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз
Балалар,біз жануарлардың сан алуан түрлері бар екенін білдік.Ал,осы жануарлар қалай көбейеді деп ойлайсыңдар?
Жақсы,ендеше бүгінгі сабақта жануарлардың көбею жолдарымен таныс болады екенбіз.
Сабақтың мақсаты:
Жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсінесіңдер.

Тыңдалым және айтылым
Блиц турнир Сұрақтар:
Жануарлардың қандай түрлерін білесің?
Жылан бауырымен жорғалаушылар тобына жатады ма?
Бейне сұрақ (Тасбақа жануарлардың қай тобына жатады?)
Бунақденелілер тобына нелер жатады?
Сүтқоректілер тобына нелер жатады?
Бейне сұрақ (балықтың дене мүшелерін ата)
(Ұ) Оқушыларға әрқайсысы неғұрлым көбірек жануар аттарын жазуға тапсырма беріңіз. Барлық жазылған жануарлар атауын тақтада ортақ тізімге тіркеңіздер (немесе бір плакатқа әркім өз жануар атуын жазып, ортақ постер жасауға болады). Тізімдегі жануарларды талқылаңыздар. Ерекшеліктерін атау, белгілері бойынша топтастыру, ақпарат көздерінен мәлімет іздеу тәрізді жұмыс түрлерін орындатыңыз. Жұмыс барысында оқушылар жануарлардың түрлері өте көп, олар әртүрлі, бір біріне ұқсамайды, олардың әрқайсысының табиғатта өз орны бар деген ой қорытындылануы қажет.
(Т) Енді топтарға
1) «Егер әлемдегі жануардың бәрі бірдей болса, олар қандай болар еді?» деген сұрақ бойынша ойланып, сол жануарды бейнелеуге тапсырма беріңіз.
2) Бірінші тапсырманы барлық топ орындап, жұмыстарын таныстырып болған соң, «Егер шынында да барлық жануарлар бірдей болса, жер бетінде не болар еді?» деген сұраққа жауап берулерін өтіңіз. (жануарлар бірдей болса, оларға қорек табу қиын болар еді; қызықсыз болар еді т.с.с пікірлер айтылуы мүмкін)
(МК, Ұ) Оқушылармен бірге Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар туралы видео тамашалаңыз.
(Ұ, Т) Оқушыларды Қызыл кітаппен таныстырып, оның маңызы туралы айтып беріңіз.
(Т) Топтарға анаграмма ұсыныңыз: РСАЫБ, СЕУІЛНІС, ҚАРАР, НҰҚАЛ. Жануарларды анықтап, суретін табуға тапсырма беріңіз. Осы жануарлар туралы не білетіндерін жоспар бойынша постерге жазуды ұсыныңыз:
1.Сыртқы түрі.
2.Мекен ету ортасы.
3.Немен қоректенеді?
4.Қанша баласы болады?
5.Азығын қалай аулайды?
6.Өмір сүру ұзақтығы.
«Әлемді шарлау » әдісі

Осы жануардың жойылып кету себебі туралы ойлануды ұсыныңыз.
Оқушыларға зерттеу үшін нақты мысалдар беріңіз. Таңдап алынған жануар туралы ақпараттық буклет, постер не таныстырылым жасаңыздар.
Неліктен ол құрып кету алдында тұр?..........
03.08.2020
Вернуться назад