DataLife Engine / Қызыма, қызға туған күнге әдемі тілектер

Қызыма, қызға туған күнге әдемі тілектер

 Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт. Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.


Күннен күнге құлпырып, күмбезіңе нұр тұнып, асқарларға ұмтылып, армандарыңа сыр тұнып, мына өмірде аман-есен жүре бер.


Қызғалдағым нәзігім, қызым менің,
Ақ ұлпадай әдемі, жүзің сенің.
Жаратқаным сыйлаған асылымысың,
Қызыл гүлім сенсің деп түсінгенмін.

Ханшайымым қылықты, тәттім менің,
Сен биіксің, асқақсың, Асылымсың!
Жаратқанның маған берген қымбат сыйы,
Бақытыңды көру ғой бар тілегім!

Тал шыбығым майысқан, гүлім менің!
Күндей болып, мына өмірде күлімдегін!
Тағдырыңның тармағында кездескен,
Толқыны мен сынына сүрінбегін!

Бал-шырыным балдайын, қызым менің,
Тілекшіңмін біткенше соңғы демім.
Болашағың кемелді болсыншы деп,
Жаратқаннан сұраймын күнім менің!

Дильназым,
_______ туылған күнің құтты болсын Жаным!
Алла саған жар болып, әрдайым жолың ашық, болашағың жарқын болсын! Алдыңа қойған мақсаттарыңа оңай әрі тез жете бер Жаным!!!


Пайдалы сілтемелер:


Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман–есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып  жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.

«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.


Мінсіз және әдемі, туған күніңмен! Сүйкімді және қалаулы бол. Сенің сиқырлы күлімсіреуің әрқашан бақытпен жарқырай берсін.


«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата-әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.


Қарап көріңіз:

01.05.2019
Вернуться назад