DataLife Engine / Туған күн туралы тақпақтар

Туған күн туралы тақпақтар

Құрметті оқырмандар! Атаңызды, әжеңізді, апаңызды, анаңызды туған күнімен құттықтағыңыз келсе, сіздерге арнап қысқаша, оңай тақпақтарды жарияладық. Туған күнге тақпақтарды жаттау өте оңай!

 Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
3 «А» сынып оқушысы: Қорғұлсұлтан Дамир Дидарұлы
Сынып жетекшісі: Қойшыбекова Гүлзипа Молдаханқызы


Туған күнің құтты болсын,
Жан Ата !
Құт-береке, зор денсаулық тілеймін!
Мен сізге!

Туған күнің құтты болсын,
Жан Ата!
Ортамызда аман-есен жүре бер,
Бұл мереке, қуаныш біз үшін
Қашанда!


Туған күнге тақпақтар жинағы

Туған күнің құтты болсын,
Орындалып армандарың.
Денсаулығың мықты болсын,
Аман болып мал-жандарың.


Бүгін сенің туған күнің,
Бар жақсыны тілеймін.
Алла өзі жар боп саған,
Амандықта жүр деймін.


Құтты болсын туған күнің,
Қуанышпен келетін.
Шаттанатын думан бүгін,
Әр жылда бір келетін.


Туған күнде күлімдей түс,
Жүзіңнен нұр кетпесін.
Армандарың орындалып,
Бар жақсылық беттесін.



 Күлім қағып жанарларың,
Бақ сыйласын жаңа жасың.
Денсаулығың мықты болып,
Дәмді болсын ішер асың.


Атама туған күнге тақпақ

Аташым туған күніңмен,
Құттықтаймын бүгін мен.
Ортамызда жүрші аман,
Мейірімді үніңмен.

Туған күніңмен аташым,
Құтты болсын мерекең.
Деніңіз сау, аман боп,
Арта берсін берекең.

Бүгін шаттық, бүгін нұр,
Жеке меншік туған күн.
Құтты болсын аташым,
Бүгінгі бұл думан күн.


Туған күніңізбен, Анашым!

Туған күніңізбен, Анашым,
Саулық сізге тілеймін.
Жаратқан ием жар болып,
Амандықта жүр деймін!


Асыл анашым, туған күніңізбен!

Өмірге мені әкелген,
Анашым туған күніңмен.
Құттықтаймын мен сізді,
Шын жүректен жырыммен.


Атама туған күнге тілек

 Бүгін туған күніңіз,
Құтты болсын аташым.
Алла жар боп жасыңыз,
Жүзге толсын аташым.

Шаттығыңыз ортаймай,
Жүз жасаңыз аташым.
Отбасының тірегі,
Аташым мәңгі жасасын!

Әр күніңіз қуантып,
Бар бақытын арнасын.
Атаның туған күнінде,
Жақсылық тапсын жалғасын.


Әжеге тілек

Әжетай туған күніңмен,
Бар жақсыны тілеймін.
Амандықта, саулықта,
Ортамызда жүр деймін.


 Әжетай туған күніңмен!

Құтты болсын әжетай,
Бүгінгі туған күніңіз.
Алла өзі жар болып,
Амандықта жүріңіз.


Апа туған күніңіз құтты болсын!

Саулығыңыз мықты боп,
Жүз жасаңыз апа сіз.
Қуантсын деп жаңа жас,
Тілейміз сізге апа біз.


Апа, туған күніңізбен!

Апа туған күніңмен,
Құттықтаймын мен сізді.
Қуаныш, шаттық тілеймін,
Шын жүректен мен ізгі.



Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы

Құтты болсын туған күнің інішегім
Орындала берсін сенің тілегің
Сабағынды әрқашанда жақсы оқы
Осы менің саған деген тілегім


Пайдалы сілтемелер:



Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы


Таңым болды арайлы міне бүгін
Шаттық пен қуанышқа толды күнім
Қуанышты кезім ғой бүгін менің
Өйткені бұл күн менің туған күнім.


Әкеме тілек

Туған күніңізбен әкешім,
Құттықтаймын сізді мен.
Саулығыңыз мықты боп,
Жетіңіз жасқа жүз деген.



Әкешім, туған күніңізбен!

Әкетай туған күніңмен,
Бар жақсыны тілеймін.
Әр күніңіз қуантып,
Тек күлімдеп жүр деймін.


Қажетті сілтемелер:

07.06.2016
Вернуться назад