DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Табиғат)

Мұқағали Мақатаев (Табиғат)

Табиғат, Жанымды алсаң, Алшы менің.
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса кайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, Қалсын елім.

Мен де бір жүріп кеткен сағымдаймын,
Қалдыр деп, Саған, сірә, жалынбаймын.
Мәңгілік мекеніме жету үшін,
Күніне қаншама рет адымдаймын.

Кім білсін, Қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін, Қай күні сен қырқарыңды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды.
02.03.2016
Вернуться назад