DataLife Engine / Мақпал Мыса (Түс)

Мақпал Мыса (Түс)

Армандар,
ей армандар!
... арсың аппақ
Сол аппақ құс ұшатын тау шың аңсап.
Кеудеме кіріп өлең оқып отыр,
О ғажап!
Сенің қоңыр даусыңа сап.

Тағдырын талайымның дүркіретіп,
Жанарға жаңбырларын күркіретіп.
Дәл сендей оқиды өлең мына аппақ құс
Кішкентай көкірегінен жыр түлетіп.

Көп ойлап жатқанымда сені ішімнен,
Түс кіргенін қарашы тегі сыймен.
Көктен түскен бұл қай құс деп оянсам,
Өз жүрегім екен ғой Сені сүйген...
25.03.2016
Вернуться назад