DataLife Engine / Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің)

Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің)

Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,
Қойға пана болмайды тал дегенің.
Жалаң аяқ, жалаң бас қой арқалап,
Хан ата, қандай екен мал дегенің?
Сыйлайды ханымыз деп үлкен- кіші,
Біреудің хақын жемес жақсы кісі.
Тақтағы хан, таптағы биді еңкейткен,
Хан ата, қандай екен малдың күші?
29.03.2016
Вернуться назад