DataLife Engine / Жәркен Бөдешұлы (Өліп, тірілу)

Жәркен Бөдешұлы (Өліп, тірілу)

Тағдырдың қуғынға сап өкпек желі,
Жоғалып кетсем керек көптен бері.
Ауылға біреу келіп үш жылдан соң,
Шекарада атылып кеткен деді...

Рас-ау, қарыс жерде қаза бар-ды,
Өксітті суық хабар жан анамды.
Туып-өскен ауылым күңіреніп,
Дұға оқып, шығарыпты жаназамды.

Р.S.
Бұл күнде секілдімін бір тірі елес,
Енді менің өлуім мүмкін емес.


***

Күн жылынды.
Тоң жібіді.
Жер көгерді.
Былтырғы қайтқан құстар елге келді.
Қарлығаштар тізілді сым бойына.
Терең әжімдеріме тер бөгелді.
04.02.2016
Вернуться назад