DataLife Engine / Қалижан Бекхожин (Тым асығыс келемін)

Қалижан Бекхожин (Тым асығыс келемін)

Тым асығыс келемін туған жерге,
Бір сағыныш лапылдап тұр кеудемде.
Жүрегімде махаббат жалындаған,
Жүргенімде көңілсіз өлкелерде.

Сағындым сені анамдай, туған жерім,
Көзіме ыстық таулы белеңдерің.
Сағынышты саялы ормандарың,
Күркіреген көк түсті өзендерің.

Сағындым мен сағынамын кең даланың,
Сол далада шырқалған шаттық әнін!
Аңсап келем көруге, құшақтауға
Мен елімнің ақ пейіл ер адамын.

Сағындым мен аяңды төрт жыл көрмей,
Сансыз жылдар айырылып көрмегендей.
Көрсем де талай жер,
талай елді,
Көргемін жоқ ұлы елді бірақ сендей!
03.12.2015
Вернуться назад