DataLife Engine / Жүрсін Ерман (Ырғай жыры + видео)

Жүрсін Ерман (Ырғай жыры + видео)

Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды.
Ғұмырыңды қысқартып
Уақытың зырлайды.

Ызыңына пенденің
Мойнын бір сәт бұрмайды.
Ырзығыңды берген боп
Қызығыңды ұрлайды.

Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды.
Баяны жоқ бұл дәурен
Басыңда көп тұрмайды.

Өкінішің өзеуреп
Өзегіңді тырнайды.
Көздің жасы кептеліп
Көмейіңде құрғайды.

Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды.
Ырылдасып қайтеміз
Сенде де бар бір қайғы,
Менде де бар бір қайғы.
Ырғай, ырғай, ырғайлы...
Ырғай мойнын ырғайды...

Ерлан Рысқали - Ырғай жыры, сөзі: Жүрсін Ерман, әні: Серік Жанболат

26.05.2015
Вернуться назад