DataLife Engine / Гүлнар Салықбай (Бақыт...)

Гүлнар Салықбай (Бақыт...)

Қаншама рет кезіктің қарсы алдымнан,
Талай сені танымай кеткем өтіп.
Біреулерге өзіңсің ән салдырған,
Біреулерді өлердей өкпелетіп.

Еліктіріп, елестей жоқ боласың,
Күндей шыға келесің қайдан күліп?
Бір жоласаң, шүпірлеп көп қонасың,
Біреулердің бастарын айналдырып.

Бір жетесің күдерін үзбегенге,
Былығы көп жүректен жерінесің.
Таппай, тауым шағылып, іздегенде
Көздерінен ұлымның көрінесің.
Бақыт...
27.04.2015
Вернуться назад