DataLife Engine / Алланы сүй!

Алланы сүй!

Алланы сүй,ақырет аз-ақ қалды
Тозақтықтар тобымен жасақталды.
Есіріп жүре берме екіленіп. ...
Еселе,ертеңіңе сауаптарды.

Есті адам Жаратқанды ойламай ма
Ессіздер шайтансумен тойламай ма
Достарың шайтан болса.бұ дүниеде
Машхарда шоқ үстімен айдамаи ма?

Бұл өмір-жалғандықтан құралады,
Адамдар амалымен сыналады
Тозаңдай жамандығың елге еткен
Ақіретте,алдыменен сұралады. ...

Бес парыз мұсылманға қорған болар,
Жүрекке жан жылуы иман толар,
Бұ жақта иілмесең Раббыңа
О жақта жалбарыну арман болар.

Зекетте күнәларға кешірім бар,
Мұсылманның айыбын жасырыңдар.
Шайтанның шатпағына құлақ аспай,
Періште ойды шаруаға асырыңдар.

Аллахым жақсылықты асыра гөр!
Иа Раббым күнәмізді жасыра гөр!
Шайтанның арбауынан алыс қылып
Күнәхар құлдарыңды кешіре гөр!

Автор: Жиналған Назарбай
14.11.2014
Вернуться назад