DataLife Engine / Қасым Аманжолов (Қарашаш)

Қасым Аманжолов (Қарашаш)

Институтта жүр оқып
Қазақ қызы Қарашаш.
Оқы, оқы, қарындас,
Туған елге білім шаш.
Қарашашым қара көз,
Жарасасың өмірге.
Кірпігің нұр, көзің күн,
Тамашасың өзің де.
Апаларың алдыңда,
Сіңлілерің соңыңда.
Келеді өсіп Қарашаш,
Алтын томдар қолында.
05.11.2014
Вернуться назад