DataLife Engine / Қадыр Мырза Әли (Өтірік)

Қадыр Мырза Әли (Өтірік)

Ә дегенге мә десіп, өре тұрып,
Бет ауызды соққыға бере отырып,
"Құладым деп оқыста" ата-анаға
Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік!

Қарағайдай паң түрі,
Төре түрі.
Қартайып-ақ қалғанын көре отырып,
Жеңгейлерге "әліде жап-жассың" деп,
Қимастықпен айтасың бір өтірік!

Тілеуіңді туысқа бере отырып,
Төсегінде өлерін көре отырып,
"Айығып-ақ кетесің",- деп ауруға
Аяғаннан айтасың бір өтірік!

Жалған әдет, әрине жоғалмақшы,
Жоғалмақшы,
Замана оңалмақшы.
Айналайын, зиянсыз өтірік-ай
Сонда біздің күніміз не болмақшы?!
02.11.2014
Вернуться назад