DataLife Engine / Қазтуған Сүйінішұлы (Белгілі биік көк сеңгір)

Қазтуған Сүйінішұлы (Белгілі биік көк сеңгір)

Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас,
Ер қарауыл қарар деп,
Алыстан қарашалар деп;
Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапса дем тартар,
Сусыным қанғақ анар деп;
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп;
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп;
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп!
15.09.2014
Вернуться назад