DataLife Engine / Естеу Нүсіпбеков (Көлік - дене көк танау қажығандай)

Естеу Нүсіпбеков (Көлік - дене көк танау қажығандай)

Көлік - дене көк танау қажығандай,
Білеу-білеу сіңірлер сазығандай.
Күннен-күнге азайып әл-дәрмені,
Алқынады керіліп жазыла алмай.

Шыққан екем, қайтейін, көп жүк артып!
Шамадан тыс жүйкемді бек жұқартып.
Өкпе-назың көк тиын замандасқа,
Пақыр бар ма сөз ұғып, текті ұғарлық?!
12.06.2014
Вернуться назад