DataLife Engine / Естеу Нүсіпбеков (Басымнан бермесем де билігімді)

Естеу Нүсіпбеков (Басымнан бермесем де билігімді)

Басымнан бермесем де билігімді,
Үлкенге ұмытпаймын илігуді.
Жол берем кішілікпен кісілікке,
Тізгіндеп жөн-жосықсыз килігуді.

Кіші аз ба кердең, кербез билігі өр,
Елеусіз оларға да беремін төр.
Кенделік емес шығар пенделігім,
Кішілік мінім болса түзетер көр.
12.06.2014
Вернуться назад