DataLife Engine / Алқоңыр (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алқоңыр (Қазақ ауыз әдебиеті)

Еркем-ай, дәнекерсің айнадағы,
Шашақсың жалаулатқан найзадағы.
Жаратқан ақ боз аттай сылаң қағып,
Бейуақыт сейілге шық жайна-дағы.

Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей, бозбала,
Сал осылай.

Жазайын ақ қағазға тізілдіріп,
Қалқаға сөз сөйлейін сызылдырып.
Отырсын ақ отауда мәслихатпен,
Шіркіннің екі көзін сүзілдіріп.

Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей, бозбала,
Сал осылай.
06.02.2020
Вернуться назад