DataLife Engine / Екі жирен (Қазақ ауыз әдебиеті)

Екі жирен (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме, беу қарағым,
Сағынып сарғаямын санаменен.

[Қайырмасы]
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.

Ғизатлу хат жазамын, қалқам, саған,
Самарқау осы күнде көңілім шабан.
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ,
Дариға осыменен өтті заман.

[Қайырмасы]
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.
05.02.2020
Вернуться назад