DataLife Engine / Төлеген Айбергенов (Мен жүрдім сені күнім деп)

Төлеген Айбергенов (Мен жүрдім сені күнім деп)

Мен жүрдім сені күнім деп,
Сен бе едің маған құмар шын.
Қоштасқаныңмен күлімдеп,
Жылап та жүрген шығарсың.
Көп болды көрмегелі де,
Көрдің деп сен де айта алман.
Сезімнің пернелерінде,
Көгілдір көлім шайқалған.
Солдат боп жүрген кезімде,
Таң болып талай атты арман.
Сен салған аппақ қайыңның!
Жапырағындай хаттардан.
23.11.2013
Вернуться назад