DataLife Engine / Жамбыл Жабаев (Сыртанға)

Жамбыл Жабаев (Сыртанға)

Қыдыралы, Құлшаннан
Құлаш ұрған Сырттайым!
Жерді болжап, күн шалған,
Жүргеніңді ұққанмын.
Қыдыралы, Есімбек
Эрентальды сабаған.
Ер туған ұл десін деп,
Бір кәдеге жараған.
Маманыңның өрені
Тиын-тебен санаған.
Құтылғалы кетіпсің,
Солар жапқан жаладан.
Енді ниет етіпсің,
Кім кірмеген қаладан.
Сеңдей қазақ аз шығар
Үміт қылған баладан.
Екі балаң жетілсе,
Құтыларсың табадан.
08.11.2013
Вернуться назад