DataLife Engine / 17 Қараша - Студенттер күні

17 Қараша - Студенттер күні

Студенттер, аяулы ақ мамандар,
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар
Білім қуып бөлмеге қамалғандар.
Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер,
Ауылға жиі айтатын сәлемдері:
“Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!”
Студенттер, сарылып ой қуғандар
Қарынды қанағатқа тойдырғандар
Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар.
Студенттер, болашақ жас мамандар,
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
Бастарына тек кітап жастағандар,
Студенттер, ұстазға ұнағандар.
Сүрінгендер, кей жерде құлағандар
Қайтадан тапсырам деп жылағандар
Тәттіні, ащыны да татып тұрар
Студенттің жан сырына құлақ саңдар,
Сонда да жандарында жанып тұрар.
Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды,
Студенттер,
Студенттер,
Бақыттылар!!!
05.11.2013
Вернуться назад