DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Шашылу)

Махамбет Өтемісұлы (Шашылу)

Сөйлесем, даусым аңқыған,
Сөйлеуге жүрек талпынған,
Атасы Беріш болса да
Артық пайда көрмедім
Егіз бенен Балқыдан. -
Алақандай Нарында
Мүкәммалым шашылды
Шағалалы көлдей шалқыған,
Аспанда ұшқан ақ сұңқар,
Қолымда тұйғын, лашын.
Қосылған жаста арудың
Көре алмай кеттім құлашын.
Арпа жемес арғымақ
Ақ селеу отқа зар болар.
Миуа, шекер жемеген
Алғаным менен балаларым
Қоңырсыған, дүние-ай,
Қой етіне зар болар.
Қатын қалса - бай табар,
Қарындас қалса - жай табар,
Артымда қалған ақсақал
Алқалы кеңес құрған күн
Ақылменен ой табар.
Кейін қалған жас бала,
Күдер үзіп біздерден,
Көңілі қашан жай табар?!
10.09.2013
Вернуться назад