DataLife Engine / Серікбай Маханов (АРҚАЛАНШЫ АРҒЫСТАН)

Серікбай Маханов (АРҚАЛАНШЫ АРҒЫСТАН)

Алғырланба арзандатып атыңды ,
Арамдатпай алдыңдағы асыңды .
Айтқаныңнан адаспағын Арайлым
Арбағанда , алдағанда арыңды ? !

Айта алмадым ақылымды армандап ,
Арсызданып абайсызда алшаңдап !
Абыройды асқындырмай азайтшы
Айналдыра арқандарға арқандап .

Асқарланған асылдарын айтайын ,
Арқарлардың адасқанын айдайын .
Айнығанда асау аттай аспандап
Айналаға алыстайды айқайың .

Ақындарым аянбағын айтыстан ,
Ауылдарың алаулайды алыстан .
Айналайын адамдарым ауылдың
Алламыздан арқаланшы алғыстан !
07.10.2017
Вернуться назад