DataLife Engine / Сұлтанмахмұт Торайғыров (Мұқышқа)

Сұлтанмахмұт Торайғыров (Мұқышқа)

Жарқыным, мұның қай екпін,
Шыдамадың дәйекпен.
Отыз бес жыл май алған,
Жатуға жайлап таянған
Бір қу мақлұқ таңдапсың,
Шорманский паектен.

Өзіңдей жүйрік «тұлпардан»,
Өзіңдей қыран «сұңқардан»,
Қолың жетіп тұрғанда,
Не себепті қол тарттың?
Казанский вагонге
Он пұт семіз ет арттың.
07.05.2014
Вернуться назад