DataLife Engine / Медицина | Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы

Медицина | Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы

Мазмұны
Кіріспе

1 тарау. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

1.1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі.
1.2. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы
1.3. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі
1.4. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағы
1.5. Денсаулыққа ауыр жарақат салғаны үшін жаза тағайындау мәселелері


2 тарау. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық сипаттамасы

2.1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қылмысын жасаушы субъектінің тұлғасы
2.2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының себептері
2.3 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың алдын алу
2.4 Денсаулыққа ауыр жарақат келтіруді кісі өлтіруден ажырату

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1-тарау. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің
қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

1.1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі

Жасалатын кез-келген қылмыс тікелей немесе жанама қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Сондықтан, ол бүкіл қоғам үшін қауіпті боп келеді. Қылмыстық құқық саласындағы көпшілік ғалымдар мен криминалистер таныған жалпы ережеге сәйкес қылмыстың жалпы объектісі болып, соның ішінде Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің де, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар табылады. Қоғамдық қатынастар- бұл кез-келген қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастар, ал адам осы қатынастардың иегері болып табылады. Сондықтан, қылмыскер адамның жеке басына, оның өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен қадір қасиетіне және т.б. игіліктеріне қол сұға отырып, сонымен бір уақытта қоғамдық қатынастарға да қол сұғады.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жеке тұлғаға қарсы, оның ішінде денсаулыққа қарсы қылмыс болып табылады. Ал, денсаулыққа қарсы қылмыстар дегеніміз адам денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей қол сұғатын және қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті әрекеттер. Бұдан денсаулыққа қарсы қылмыстардың, соның ішінде ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тектік (топтық) объектісі болып адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар табылады.
Қылмыстың жалпы объектісінен оның тікелей объектісін ажырата білген жөн. Көп жағдайда қылмыстық заңда кез-келген қылмыс құрамының белгілерін сипаттау кезінде объект ретінде қоғамдық қатынастар көрсетілмей, олардың материалдық көрінісі немесе кез-келген қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастарға қатысушыларының нақты игіліктері көрсетіледі. Қылмыстың тікелей объектісі нақты қылмыс құрамын ұғыну, түсіну, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін ашу қылмыстық әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесін ұғыну үшін маңызды және осы қылмыс құрамын оған ұқсас қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде қылмыс тікелей басқа адамның денсаулығына зиян келтіруге бағытталады. Сондықтан, адамның денсаулығы ҚР ҚК 103-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі болып табылады. Бұл көзқарас қылмыстық құқық ғылымында көпшілікпен танылған болып келеді. Қылмыстың тікелей және жалпы объектісі арасында ажырамас өзара байланыс бар. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде адам денсаулығына қол сұға отырып, қылмыскер белгілі бір қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Өйткені осының нәтижесінде адам дұрыс өмір сүре алмайды, дені сау бола алмайды, тиісінше еңбек қабілеттігінен толық немесе ішінара айырылады. Медициналық тұрғыдан денсаулық деп - адам организімі органдарының немесе тіндерінің дұрыс қызмет етуін түсінген жөн. Қанау, дене жарақатын келтіретін соққылар, тырнақ іздері және т.б. кез-келген түйіршіктің немесе органдардың дұрыс қызмет етуін бұзады және адам денсаулығына белгілі бір дәрежеде зиян келтіреді. Сондықтан, адам тіндері мен органдарының дұрыс қызмет етуін бұзуға бағытталған барлық іс-әрекеттердің тікелей объектісі болып адам табылады.
А.С. Никифировтың көзқарасы бойынша адам денсаулығы деп-адам организімінің тұтас алғандағы қалыпты жәй-күйін түсінген жөн дейді. Бірақ адам денсаулығы деген бұл түсінік тар мағыналы болып келеді. Адам организімінің кез-келген түйіршігі белгілі қызметтерді атқарады, сондықтан түйіршіктердің дұрыс қызмет етуін бұзу адам денсаулығына зиян келтіреді және адам организмінің тұтас алғандағы қалыпты жай күйінің бұзылуына соқтырады.
А.А. Жижиленко мен В.В. Ореховтың көзқарастары бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтірудің объектісі болып адам денсаулығы емес, оның дене қол сұғылмаушылығы табылады екен. Бұл көзқарасты П.А. Дубовец былай терістейді: «Іс жүзінде адамның дене қол сұғылмаушылығы денсаулыққа ешқандай зиян келтірмей-ақ та бұзылуы мүмкін. Мысалы, қорлау іс-әрекеттері кезінде. Кейбір жағдайларда дене қол сұғылмаушылығының бұзылу фактісінде, тіпті, қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, жеке тұлғаның өзге игіліктеріне қол сұғу белгілерінсіз бір адамның басқа адамның денесіне оның еркіне қарсы қол тигізуі. Сонымен бірге, дене жарақаты дене қол сұғылмаушылығын бұзбай-ақ келтірілуі мүмкін. Мысалы, қорқудың нәтижесіндегі психикалық ауру».
Сонымен, қылмыстық заң қылмыстық қол сұғушылықтан дене қол сұғушылығын қорғамайды, керісінше тұлғаның өмір, денсаулық, ар-намыс, қадір-қасиет және т.б. сияқты белгілі бір игіліктерін ғана қорғайды.
Қылмыстық заң адамның денсаулығын оның туған сәтінен бастап өлген сәтіне дейін, яғни оның бүкіл өмір бойы денсаулығын қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көп минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалғасқанымен мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни, адам өмірінің соңғы сәті биологиялық өлім.
ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «в» тармағында көзделген кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сонымен бірдей адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі болып кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сонымен бірдей адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамның денсаулығы табылады. Бұндағы адамның дәрменсіз жағдайы дегеніміз – оның физиологиялық немесе басқадай себептермен (жастығына, кәрілігіне, науқастығына, соқырлығына, кереңдігіне, ақсақтығына, есінен тануына, қатты мастығына, терең ұйқыда ұйықтап жатуына т.с. байланысты) қылмыскерге қарсылық көрсете алиауы. Дәрменсіздікке ұрланған және кепілге алынған жағдай да кіреді. Өйткені бұл жағдайларда да жәбірленушінің қылмыскерге өз денсаулығына ауыр зиян келтіруге қарсылық көрсету мүмкіндігігі шектеулі.
Жәбірленушінің дәрменсіз күйде екені қылмыскерге мәлім болуы керек. Әйтпесе, дәрменсіз күйде екені қылмыскерге мәлім емес адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігінің «в» тармағымен емес, ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігімен сараланады.
Денсаулыққа ауыр зиян өзге де қылмыстарды жасау кезінде де келтірілуі мүмкін. Бұнда қол сұғушылық бір жағдайда денсаулыққа емес, өзге объектіге бағытталса, ал басқа жағдайларда – адам денсаулығына және кез – келген өзге объектіге бір уақытта бағытталады. Бұлай денсаулыққа ауыр зиян ҚР ҚК 179-бабымен көзделген қарақшылық кезінде де келтірілуі мүмкін. Бұл жағдайда қол сұғушылық бір уақытта адам денсаулығына және меншігіне жасалады. Бұндай әрекет тиісінше ҚР ҚК 179-бабы 2-бөлігінің «д» тармағымен сараланады. ҚР ҚК 233-бабымен көзделген терроризм актісін жасау кезінде де зиян келтірілуі мүмкін, бірақ бұнда қол сұғушылық тікелей қоғамның қауіпсіздігіне бағытталған. Бұл қоғамға қауіпті әрекет 233-баптың 3-бөлігінің «б» тармағымен сараланады.
1.2. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы
Кез-келген қылмыстық істі тергеу кезінде ең алдыменен қылмыстың объективтік жағы - қылмыс құрамының негізін қалаушы анықталады, ал содан соң осының негізінде қылмыстың субъективтік жағы және оның белгілері -себеп, мақсат, ниет, т.б. анықталады.
Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз: белгілі жағдайларда
орында және уақытта өтіп жатқан, қылмыстық заңмен қорғалатыкн
объектіге зиян келтіретін нақты қоғамдық қауіпті мінез-құлықтың, қол сұғушылықтың сыртқы көрінісін сипаттайтын қылмыс құрамының құрамдас бөлігі. Бұл әдетте, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінің Ерекше бөлімі бабының диспозициясында көрсетіледі.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабының 1-бөлігінің дизпозициясына сәйкес аталған бапта көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағын мыналар құрайды:
а) денсаулыққа зиян келтіру түріндегі қоғамдық қауіпті әрекет;
б) денсаулыққа келтірілген ауыр зиян түріндегі қылмыстық зардап;
в) әрекет пен аталған зардап арасындағы себепті байланыс.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қоғамдық қауіпті әрекеттің құқыққа қайшы іс әрекет жолымен де, әрекетсіздік жолымен де келтірілуі мүмкін. Әрекетсіздік жолымен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, егер тұлға өзі жасауға міндетті және жасай алатын белгілі іс-әрекеттерді жасамаса, сол сияқты соның нәтижесінде басқа түлғаныің денсаулығына зиян келтірілсе ғана орын алады. Белгілі іс-әрекеттерді жасау міндеті заңнан (мысалы, ата-аналарының балаларының денсаулығына қамқорлық етуі) немесе басқа тұлғаның денсаулығына қауіп тудырған тұлғаның оған дейінгі мінез-құлқынан, не өзге де негіздерден туындауы мүмкін. Сот-тергеу тәжіребесіне сүйенсек әрекетсіздік шен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру көп кездеспейді.
Қылмыстық-құқықтық мағынада іс-әрекет деп адамның саналы және ерікті мінез құлқы түсініледі. Сондықтан егер, денсаулыққа ауыр зиян есі дұрыс емес адаммен келтірілсе, онда қылмыс орын алмайды, өйткені бұндай тұлға өзінің мінез-қүлқының қоғамдық қауіптілігін үғынбауына және оларды басқара алмауына байланысты қылмыстык-құқықтық мағынада әрекет етпейді. Қылмыстық-құқықтық мағынада есі дұрыс тұлға да әрекет етпейді, егер ол белгілі іс-әрекеттерді өз еркіне қарсы бой бермейтін физиологиялық күштің әсерінен жасаса. Мысалы, біреудің екінші адамды итеріп қалуынан, екінші адамның үшінші адамға соғылуынан, үшінші адамның жерге құлап, қолын шығарып алуы немесе сындыруы.
Сонымен бірге, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кез-келген жағдайларда құқыққа қайшы болуы керек. Басқа тұлғаның денсаулығына әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын жағдайларда қасақана ауыр зиян келтіруде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің құрамы түгіл қылмыстың жалпы құрамы да болмайды. Құқыққа қайшылық пен қылмыс құрамы денсаулыққа қасақана ауыр зиян қажетті арнайы нұсқаулардың жоқтығына карамастан, сонда да тек қана заң болып табылады.
Заң дәрігерлік қызметпен айналысуға рұқсат береді. Өйткені ол адам денсаулығын сақтап калуға, қалпына келтіруге немесе жақсартуға, адам өмірін құтқаруға бағытталған, бірақ денсаулыққа зиян келтіруге емес. Дәрігердің жоғарыда аталған жағдайдағы қызметі қоғамдық пайдалы болып табылады, өйткені хирургиялық араласу жолымен адам денсаулығына ірі зиян келтірілуінің немесе тіпті өлімнің алды алынады. Бұл жағдайдағы денсаулыққа ауыр зиян келтіру денсаулыққа одан да ауқымды зиянның келтірілуінің немесе өлімге әкелудің алдын алу үшін қажетті болып табылады. Сондықтан, бұндай сипаттағы денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, дәрігер оған қызметтік борышымен жүктелген қызметтік міндеттерін тікелей атқарып отырады.
Бірақ кейбір жағдайларда науқастың денсаулығына келтірген ауыр зияны үшін дәрігердің қылмыстық жауаптылығы орын алады. Бұл жерде қылмыстық жауаптылық егер, дәрігер өзінің кәсіби міндеттерін бұзса және соның нәтижесінде науқастың денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, оны келтіру қажеттіліктен туындамаса ғана орын алады. Бірақ бұл жағдайларда дәрігер қылмыстық жауаптылыққа егер, ол лауазымды тұлға болса, қызметтік қылмыс үшін тартылады, ал дәрігер жеке тәжірбиемен айналысып жүрген тұлға болса, қылмыстық жауаптылыққа ҚР ҚК 103-бабымен тартылады.
Денсаулыққа ауыр зиян бокс, футбол, т.б. сияқты спорт жарыстарында да келтіріледі. Егер денсаулыққа ауыр зиян заңмен тыйым салынған спорт түрі бойынша жарыстарда келтірілсе, онда әрекет құқыққа қайшы сипатқа ие болады және бұл_ жағдайда қылмыстық жауаптылық жоққа шығарылмайды. Қылмыстық жауаптылық, рұқсат етілген спорт жарыстарында спортсмен қасақана спорт ережелерін бұзса және соның нәтижесінде басқа түлғаның денсаулығына ауыр зиян келтірілген жағдайда орын алады.
Жәбірленушінің өз денсаулығына ауыр зиян келтіруге келісім беруі кейбір жағдайларда әрекеттің құқыққа қайшылығын жоюы мүмкін.
А.А. Жижиленконың көзқарасы бойынша жәбірленушінің өз денсаулығына ауыр зиян келтіруге келісім беруінде құқыққа қайшылық жоқ дейді.
Осыған байланысты В.В. Ореховтың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі болып дене қол сұғылмаушылығы танылады, ал зардап ретінде адам денсаулығына келтірілген зиян деген көзқарасы дұрыс деп тану мүмкін емес.
Бұл тұжырымдама ретсіз, өйткені денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі ретінде дене қол сұғылмаушылығын тани отырып, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің зардабы ретінде дене қол сұғылмаушылығының бұзылуын, яғни қол сұғылмаушылық объектісіне келтірілген зиянды таныған жөн еді. Әйтпесе, қол сұғушылық дене қол сұғылмаушылығына жасалады да, ал зиян жәбірленушінің денсаулығына келтіріледі екен. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде қол сұғушылық сөзсіз адам денсаулығына бағытталған, ал қол сұғылмаушылық нәтижесіндегі зиян жәбірленушінің денсаулығына келтіріледі.
Денсаулыққа келген ауыр зиян сот-медициналық сараптамамен анықталады.
Қазіргі кезде денсаулыққа келген зиянның ауырлық дәрежесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001 жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесімен» анықталады. Бұрын денсаулыққа келген зиянның ауырлық дәрежесі Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалаудың Ережесімен анықталатын болатын, бірақ бұл нормативтік актінің ескіруіне байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі Агенттіктің жоғарыда аталған ережесі қабылданған болатын. Қазіргі кезде бұл ереженің орнына «Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Ережесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандг №845/1 Бұйрығымен бекітілді. Бірақ бүл ереже әлі күнге дейін қолданысқа, яғни тәжірбиеге енгізілмеген. Сондықтан жоғарыда аталған акт қолданыстағы ереже деп саналады. .
Денсаулыққа келген зиянның анықтамасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің келтірілмеген, бірақ оның анықтамасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001 жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесінің» 4-тармағында былай деп берілген: «Денсаулыққа келген зиян деп не дене зақымданулары, яғни органдар мен тіндердің анатомиялық тұтастығын немесе олардың физиологиялық қызметтерін бұзу, не сыртқы ортаның механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық әртүрлі факторлары әсер ету нәтижесінде патологиялық науқастар немесе патологиялық күй түсініледі».
Бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бұзылуы да денсаулыққа ауыр зиян болып танылады. Бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бүзылуы механикалық зақымданулар, отқа, қышқылға күйюі және т.б. зардабынан болуы мүмкін. (Мысалы, көз қарашығының, мұрынның жоқ болуы не болмаса мұрын сүйегінің нысанын өзгертетін кемсітіктерінің болуы, бір құлағының немесе оның ірі бөлігінің жоқ болуы). Сот-медициналық сарапшы бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бұзылу фактісін анықтамайды, себебі бұл түсінік медициналық емес, сарапшы қалыпты белгілерге сүйене отырып денсаулыққа зиянның ауырлық дәрежесін анықтайды сонымен қатар жарақаттың кейін ешқандай хиругиялық көмексіз біртіндеп тартынып немесе тегістеліп кетуі мүмкіндігін анықтайды. Егер жарақаттың ізін жою үшін жедел ем (к осметикалық операция) керек болса, онда беттегі жарақат қалыпқа келгісіз деп саналады. Жәбірленушінің бет әлпетін қалыпқа келгісіз бұзған жарақатты тану мәселесі сот-медициналық сарапшының емес, соттың құзіретіне жатады.
Ауыр зиян болып табылатын келесі зақымдану бұл адамның жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін жоғалтумен ұштасқан денсаулықтың бұзылуы. Жалпы еңбек қабілетін тұрақты жоғалту дегеніміз оның кемінде үштен бірін (33%) жоғалту, жарақат алғанда жалпы еңбек қабілетін қаншалықты тұрақты жоғалтқаны жарақат-зардабы анықталғаннан кейін, объективтік мәліметтерге сүйеніп және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған еңбек қабілеттілігін жоғалтудың пайыздардар кестесіне сәйкес белгіленеді.
Балаларда еңбек қабілетін жоғалту осы Ережемен белгіленген жалпы ережелерден шыға отырып анықталады.
Мүгедектерде алынған зақымдануға байланысты жалпы еңбек қабілетін тұрақты жоғалту оның мүгедектігіне және оның тобына қарамастан дені сау адамдардағыдай анықталады.
Кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту егер, кінәлі жәбірленушінің кәсіби қызметін білген болса және физикалық күш қолдану арқылы оны өзіне тән кәсіби қызметін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырған болса, денсаулыққа келтірілген ауыр зиян болып есептелінеді (мысалы, пианисттің саусақтарының зақымдандыру). Кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда жәбірленуші өзінің жалпы еңбек қабілеттілігін сақтауы .....
23.12.2018
Вернуться назад