DataLife Engine / Психология | Білім беретін мектеп оқушыларының тұлғалық және танымдық дамуы

Психология | Білім беретін мектеп оқушыларының тұлғалық және танымдық дамуы

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………….................................5-1
I тарау. Баланың жас ерекшеліктері
1.1. Жеке тұлға туралы түсінік………...………....................................…11-14
1.2. Адамның тұлғалық ерекшеліктері және адамның құмарлығы….…15-18
1.3. Адамның өмірді және өзін-өзі танып білуі……...........................……19-26
II тарау.
2.1. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы педагогикалық теориялар….....…27-29
2.2. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тұлғалық және
танымдық дамуының психологиялық ерекшеліктері…....………….....….30-37
Қорытынды…..………………………………………….......................................38
Пайдаланылған әдебиеттер………………………….................................…39-41

КlРlСПЕ.
Тақырыптың көкейкестілігі.
Бүгiнгi таңда бiлiмнiң мемлекеттiк стандартына сәйкес республика мектептерiне бiлiм беру мен тәрбиенiң мазмұнын туындауда. Оның басты себебi республика өзiнiң тәуелсiздiгiне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшелiктерiн ескерте отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу iсiн қайта құрудың аса қажеттiгi пайда болды. Оның үстіне, өтпелi кезеңдегi нарық қыспағынан жұмыссыздықтың етек алуы, рухани жұтаңшылыққа Ұшыраған әрбiр отбасның экономикалық ауыр хал-ахуалы тәрбие мәселесiне керi әсерін тигiзiп отырғанын да ескермеуге болмайды. Ата-аналар күн көрiс қамымен базар жағалап немесе жұмыс iздеп, бала тәрбиесiне көңiл бөлмеуде, ал ол оқушы жастардың қараусыз қалуын туғызды. Бұл 11-13 жастар жеткiншектердi шылым шегуге, iшiмдiкпен, нашақорлықпен, жезөкшелiкпен айналысуға, ұрлық iстеуге, т.б. қылмыстық әрекеттерге топтасуға, қатiгездiкке итермелеуде. Сонымен бiрге мекетепке қоғамға пайдалы iстердiң бәсеңдеуi оқушылардың бiлiмге, өнерге деген қызығушылығын төмендеттi, сондай-ақ мектептердегi оқу-тәрбие iсiнде етек алған формалистiк көзқарас, тәрбие жұмысын бiр мерзiмге жүргiзiлетiн науқанға айналдыру, оқу бағдарламасын, жоспарының және оқулықтардың бiр сарындылығы, оқыту мен тәрбиелеу әдiстерiн қолдануда жыныстық және жеке басқа тән дербестiк ерекшелiктерге көңiл аудармау, балаларға тек бедел арқылы ықпал етуге негiзделген әкiмшiлiк, әмiр етушiлiк сияқты келеңсiз жағдайлар тұлғаны еркiндiгiнен айырды. Ол оқушылардың бойында тәрбие мәселесiне керi көзқарас туғызды. Сондықтан оқушылардың көпшiлiгi жеке басының ерекшелiктерi мен икемдiлiктерiн дамытуға мектеп мүмкiндiк бермейдi деп санайды.
Әр оқушының қызығушылығын бiлмегендiктен және олардың психологиялық ерекшелiгiн ескертiп отырмағандықтан, көп жерде оқушылардың ата-аналары мен мұғалiмдер арасында түсінiспеушiлiк жағдайлар жиi кездеседi. Осының бәрi тәрбие жұмысының үстірт жүргiзiлуiне әкелiп соқтыруда. Оған жол беру тұлғаның дербес ерекшелiктерiне қалай болса солай қараудан, оқушылардың өзiн-өзi тәрбиелеудегi iшкi мүмкiндiктерiн ескермеуден, олардың қабiлеттерiн әлеуметтiк жағдаймен байланыстырмау салдарынан туындап отыр.
Соңғы жылдары оқыту мен тәрбие мәелесiне қатар жарыспалы үрдiс немесе тәрбиенi оқытуға қосымша деп қарау, олардың өзара байланысын ескермеу, жалпы бiлiмнiң базалық сынарларын дұрыс таңай бiлмеу, бiлiмдi iзгiленруде тәрбиелiк мүмкiндiктiң толық ескерiлмеуi, этникалық мәдени бiлiмнiң дүниежүзілiк мәдениетпен байланыста қарастырылмауы сияқты терiс көзқарастар байқауда. Тәрбие iсiнде отбасымен, балабақшамен, бастауыш және орта мектептермен кәсiптiк-техникалық училищелермен тұрақты сабақтық байланыс сақталынбай қалды. Оқу орындарындағы, мектепке дейнгi және мектептен тыс мекемелердегi, баспасөздегi, теле-радио хабарлардағы және қоғамдық ұйымдардағы тәрбие жұмысын орталықтандырудың жеткiлiксiз екенi байқалады. Тәрбие жұмысының сапасыздығының тағы бiр себебi – олардың ғылыми негiздерi дәрежесiнiң төмендiгiнен болып отыр. Педагогика ғылымы көп ретте жеке тұлғанның дамуын өмірге сәйкессiз тұрғыда қарастырып келдi. Ғылыми зерттеу жұмысындағы өмірден алшақтық, адам туралы басқа ғылымдардың, әсiресе, биологияның, медицинаның психологияның жетiстiктерiн ескермеудiң салдарынан тәрбиеге бiр жақты қараушылық мектеп тәжiрибесiнен орын алып келдi.
Осыған орай, өтпелi кезеңдегi жасөспiрiмдер тәрбиесiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн қайта қарайтын оның орнын айқындайтын уақыт келдi. Бүгінде стратегиялық бағдарлы тұлғалық ойлардың шығармашылық түрлерiн қалыптастыратын, Қазақстан Республикасы халықтары арасында бейбiтшiлiк пен татулықты орнатуға қабілеттi, қоғамды iзгiлiктi адамгершiлiк тұрғыдан жаңартудың әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн жүзеге асыруға жәрдемiн тигiзетiн жаңа тұрпатты азамат тәрбиелеудiң ғылыми әдiстемесiн жаңа тұжырымды ғылыми негiзде жасаудың қажеттiгi алға қойылып отыр. Осындай мақсаттағы қажеттiгi алға қойылып отыр. Осындай мақсаттағы стратегиялық бағыттарға байланысты Ы.Алтынсарин атындағы ңҚазақ Бiлiм академиясының этнопедагогика және тәрбие лабораториясы соңғы жылдары пайда болған ңҚазақстан Республикасы азаматтының жаңа әлеуметтiк-экономикалық мiнез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасынаң. (1995), ңБiлiм саласындағы мемлекеттiк саясат тұжырымдамасынаң (1996), ңБiлiм саласындағы Республикадағы этникалық мәдени бiлiм тұжырымдамасынаң (1996) ңҚазақстан Республикасында орта бiлiмдi дамыту тұжырымдамасының жобасынаң (1997) ңҚазақстан Республикасының Бiлiм заңынаң (1999), ңРесей Федерациясына оқушы жастарды тәрбиелеу тұжырымдамасынаң (1991), ңҚазақстан Республикасының үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi кешендi тәрбие бағдарламасың (2000), сондай – ақ зерттеушiлердiң ғылыми еңбектерiне, әсiресе Н.Козлованың ңТәрбие теориясына кiрiспең (М., 1990), В.М. Гинецинскийдiң ңПедагогика теориясының негiздерiң (М., 1994), Е.Бондаревскаяның ңВоспитание – как возрождение гражданина, человека культуры и нравственностиң (1993), Гончаровтың ңұлттық мектептiң моделi (1994), Л.М. Фридман мен Г.А.Пушкинаның ңОқушылар ұжымында олардың жеке басын зерттеуң (М. 1988), Б.С.Грушинскийдiң ңФилософия образования ХХl векаң (1998), ±.К. Нұрғалиеваның ңТұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, теориясы, практикасың(Алматы,1994), П.И.Пидкаистыйдың редакциясымен шыққан ңПедагогикаң (М.,1996), И.П.Подласыйдың ңПедагогикасың, Б.Лихачевтың ңПедагогика курсы лекциясынаң (1998), А.М.Іасабеков пен Ж.Алтаевтың ңҚазақ философиясының тарихына кiрiспең (Алматы, 1995), А.С.Арсеньевтың ңЖасөспiрiмдер философтар көзқарасыменң (М., 1996), °.Нысанбаев пен М.С.Орынбековтiң ңАбайдың дүниетанымы мен философиясың (Алматы, 1995) сияқты оқулықтары мен оқу құралдарына сүйенiп, басқа да материалдарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың тәрбиелеудiң теорисымен әдiстемесiн жасады.
Жоғарыда аталған еңбектердiң бәрiнде қазіргi бiлiм мен тәрбие берудiң даму өресiне қойылатын негiзгi талаптар төмендегiдей үш түрлi бағытта құрастырылған. Олар: 1) Еркiн тұлғаны тәрбиелеу; 2) Рухани тұлғаны тәрбиелеу; 3) lзгi, адамгершiлiгi мол тұлғаны тәрбиелеу.
Сондай ақ бұл еңбектерде жеке тұлғаны тәрбиелеп жетiлдiру мәселелерiн рухани iзгiлiкке, ұлттық дәстүрге, дәстүр сабақтыстығына, бiртұтастыққа, жүйелiлiк, ұғымдарына сыйыстыра қарастыру көзделген.
Тәрбиенiң теориялық мәселелерiн күнделiктi мектеп пен отбасы тәрбиесiнде iскi асырудың әдiс-амалдарын одан әрi тереңiрек қарастырып, Бiлiм академиясының тәрбие теориясы, этнопедагогика және жас ерекшелiк психологиясы лабораториясының қызметкерлерi Оқушылардың тұлғалық қасиетiн дамытудың педагогикалық негiздерi атты монографиялық еңбек даярлап, мектеп басшылары мен сынып жетекшiлерiне көмекшi құрал ретiнде ұсынып отыр.
Еңбек үш тараудан тұрады. Бiрiншi тарау оқушыны тәрбиелеп қалыптастырудың теориялық мәселерiне арналған. Онда адамның бойында айналасындағы құбылыстардың сыр-сипатын бiлуге деген iштен туа бiткен арқылы адам санасын өсіру процесiнiң жүре басталатыны, тәрбие iсiн қоғамдық қажеттiлiкке биiмдей жаңаша құру, тәрбиенi гуманизациялау, адамдардың бiр-бiрiне сүйіспеншiлiкпен қарауы, маңайындағыларды қадірлеу, парасаттылық қарым-қатынасы, қарым-қатынастағы еркiндiк, мәдениет жетiстiктерiн тәрбие iсiнде пайдалану, сөйтіп мәдени құндылықтарды меңгерту арқылы қоғамға, өмірге ендiру сөз болады.
Бүгінде тәрбиеге жаңаша көзқарас мәселесi оны iске асырушы мұғалiмдерге де жаңа талаптар қойып отыр, яғни ұстаздың жеке басының үлгі-өнегесi, рухани сапалық қасиеттерiнiң жоғары болуы, болмысы мен бiлiм өресінiң биiктiгi, кеңңдiгi, оқушылар бойында ұлттық менталитеттi қалыптастыруда шешуi рөл атқаратыны ғылыми дәйектiлiкпен баяндалған. Тәрбие iсi оқушы мен мұғалiмнiң өзара қарым-қатынасына құрылатын болғандықтан, олардың өзара әрекеттесуi әлеуметтiк ортада iске асырылады. Баланың басқалармен қарым-қатынасы, өмір сүруi, өмірге деген көзқарасы, түсінiгi осы ортада қалыптасады.
Еңбекте қоршаған ортаның кеңiстiгiн, заттық, оқиғалық, ақпараттық сипаттары ашылып көрсетiлiп, оқушыны осы ортада iс-әрекетке тартудың механизмi айқындалған. Оқушының қоршаған ортамен қарым-қатынастық iс-әрекетiн iске асыруда ой-түрткiнiң қалыптастырудың құралы қызметiн атқаратыны құрастырылған.
Еңбекте iс-әрекеттi ұйымдастыруда рефлекстiң мәнi, оның оқушыны өзiн-өзi бақылауына, өз iс-әрекетiне ойша талдау жасауға үйретуге негiзделетiнi пайымдалған. Оқушыны рухани мәдениетке ендiру iсi қарым-қатынас арқылы, басқалардың iс-әрекетiн, мiнез-құлқын салыстыру, баға беру арқылы iске асырылады. Еңбекте рухани құндылықтарды оқушы өз бойына мораль, өнер, ғылым арқылы сiңiрiп, ой түйіндейтiнi, сөйтіп оның әр затқа, қоғамдық құбылысқа деген өзiндiк ой-пiкiр, көзқарасының қалыптасатыны ғылыми негiзделген.
Тәрбие процесiнiң, тәрбиенiң мақсаты мен ұстанымынан әдiстемесiнен тұратыны, тәрбиелiк қарым-қатынаста жеке тұлғаны табиғи қалпында қабылдаудың маңызы, тәрбие әдiсiнiң, тәрбиенiң мақсатына байланыстылығы, оқушы мен оқытушының қарым-қатынаста қолданылатын әдiстердiң де түрленiп, өзгерiп отыратыны және оның оқушының қабілетiн ашуға, тәртiбi мен көзқарасын реттеп, қазіргi қоғамның мәдени деңгейiне сай келтiруге әрекет жасайтыны айтылады. Әдiстемелiк құралда мектеп бiтiрушi оқушының тұлғалық бейнесiн қалыптастырудың шарттары көрсетiлген. Ол – оқушыны салауатты өмір сүруге бағыттау, өзiнiң құқығын қорғай бiлуге үйрету:
- әр оқушының өзiндiк менiн iс-әрекетте көрсете бiлуге үйретiп, дағдыландыру;
- өзiнiң қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн терең сезiне бiлуге баулу;
-қоғамдық тәжiрибенi игерту арқылы iскерлiк пен бiлiм, бiлiк, дағдырларды оқушы бойына дарыту;
- мейiрiмдiлiк, iзгiлiк, аєиқат, сұлулық, қағидаларын берiк ұстануға, шығармашылықпен өмір сүруге үйрету;
- оқушыны айналасындағы адамдарды табиғи қалпында қабылдай бiлуге уйрету;
- оқушы бойында рефлекстiк қабілеттiң берiк орнығуын қалыптастырып дамыту;
Ғылыми еңбекте тәрбие арқылы оқушы бойында пайда болатын қажеттiлiктiң мәнi, мен түрлерi, әсiресе оның адамның өзiн-өзi тәрбиелеудегi тәлiмдiк рөлi, солардың әсерiнен адам бойында рухани, психологиялық, әлеуметтiк дамудың пайда болуы, қажеттiлiктi қанағаттандырудағы психологиялық iзденiстер, оның педагог-ғалымдар Ш.Амонашвили (баланы сүю, махаббат қажеттiлiгi), И.С.Кон (үлкендердi құрметтеу қажеттiлiгi), А.В.Петровский (тұлғаны қалыптастыру қажеттiлiгi) А.В.Мудрик (жеке тұлғаның өз мүмкiндiгiн iске асыру қажеттiлiгi) еңбектерiнен көрiнiс тауып, теориялық және әдiстемелiк тұрғыда шешiлгенi баяндалады.
Екiншi тарауда – жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 1-lХ сынып оқушыларына беретiн тәрбие түрлерi, оны iске асыруда балалармен жүргiзiлетiн жұмыстар, тәрбиен iсiндегi мектеп басшылары, мұғалiмдерi мен отбасының және қоғамның педагогикалық әрекеттесуi, тәрбие iсiн ұйымдастырудағы ата-аналардың педагогикалық мәдениетiн арттырудың маңызы және оны iске асырудың жолдары, тәрбие iсiмен айналысушы ортаның ақыл-парасаты мен ынта-жiгерiн кiрiктiре iске жұмылдыру мәселелерi қарастырылған.
Үшiншi тарау орта мектептердiң Х-Хl сынып оқушыларын, гимназия, лицей сияқты жаңа тұрпатты мектептердiң түлектерiн тәрбиелеп жетiлдiруге арналған. Сонымен бiрге бұл тарауда ңТәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиясың сөз болады. Технология грек – сөзi. Техне – өнер, шеберлiк, кәсiп деген сөздердiң мағынасын берсе, логос - ғылым деген мағынаны бiлдiредi. Бiр сөзбен айтқанда, тәрбие технологиясы дегенiмiз тәрбиенi реттеп, басқарудың әдiстемелiк ғылымы деген сөз.
Тәрбиелiк қарым-қатынаста оқушылар мен мұғалiмнiң iс-әрекетiн ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың маңызы зор. Iс-әрекеттi ұйымдастыруда ең алдымен белгiлi мақсат көзделуi керек. Мақсат iс-әрекет арқылы жүзеге асырылады. Мектептегi iс-әрекеттер сыртқы формасы жағынан оқу әрекетi, сыныптық және мектептегi iс-шаралар, сыныптан тыс әрекеттер (үйiрме, клуб, секция жұмыстары) болып бөлiнедi. Ал мазмұны, бағыты жағынан: ақыл-ой, дене-қимыл, эмоциялық ерiк, адамгершiлiк-моральдық, қасиеттiк iс-әрекет болып бөлiнедi, сондай-ақ топ басқарушылық-ұйымдастушылық iс-әрекет, орындаушылық қарым-қатынастық iс-әрекеттерi бар.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетiн, олардың қабілетi мен iшкi қажеттiлiгiн қамтамассыз ететiн iс-әрекеттердi ұйымдастыру көзделедi. Соған сай олардың қабілетiн ашуға мүмкiндiк туғызатын спорт, дене еңбегi, қол өнер, көркемөнер, техникалық шығармашылық т.б. iс-әрекетке үйрету үйірмелерi мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегiнiң қалауымен қатысып, өзiнiң жеке басына тән қасиетiн, яғни өзiндiк менiн басқаларға танытуға мүмкiндiк алады.
Мектепте ұйымдастырылатын iс-шаралар әр оқушының дүниетаным қалыптастыру, өмір жайындағы түсінiгiн кеңейтудi көздеп, жеке басына тән қасиетi мен қабілетiн ескере отырып жүргiзiлуi керек.
Еңбекте оқушылардың iшкi сезiмдерi мен қажеттiлiктерiн, өзiндiк ұстанымдарын сыныпта және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында iске асырудың жолдары қарастырылған. Сол сияқты тәрбие процесiн басқарудын принциптерi, әсiресе ұстаз бен оқушының ерiк беру, көтермелеу, адамгершiлiк қасиеттерiн дамытуға, өзiн-өзi тануына, өзiн-өзi тәрбиелеуге жағдай туғызу, психологиялық микроклимат жасау iсiнiң маңызы қарастырылған. Сондай-ақ бұл тарауда тәрбие iсiнiң нәтижесiн бағалау, оны iске асырудың анкеталық сұрақ дәстүрлi бақылау, ұстаз бен оқушының және мұғалiмдердiң өзара пiкiрлесу арқылы iске асыру жолдары көрсетiлген.
Тарауда жаңа тұрпатты мектептердiң тәрбие жұмыстарының ерекшелiктерi де айтылады. Онда бүгінгi қоғамда болып жатқан өзгерiстер, ғылыми –техникалық прогресс, iзгi қалыптастыру қоғам процесiне байланысты бiлiм жүйесiне де енген жаңалықтар, жаңңа тұрпатты лицей, гимназия мектептерi, олардың оқу-тәрбие iсiндегi мiндеттерi мен мақсаттары, негiзгi ұстанымдары, мектеп басқарудың құрылымы мен iстi жоспарлау, бақылау әдiстерi, үлгiлеу, кiрiктiру, түрлі өзгерiс жасау т.б. сараланып таңдалған.
Бүгінде қоғамдық өндірiс күштерi мен өндірiстiк қарым-қатынастардың жаңаруы материалдық игiлiктердi пайдалануда да жаңа көзқарасты қалыптастыруды қажет етiп отыр. Ол қоғам мүшелерiнiң материалдық игiлiктердi өндіру мен пайдаланудағы Бiрi бәрi үшiн, бәрi бiрi үшiндейтiн социалистiк принциптi теориялық тұрғыда мүлде жаңартуды талап етедi.....
18.12.2018
Вернуться назад