Туған жер- алтыннан да қымбат қазына!

Туған жер, қандай қасиетті , неткен ыстық сөз! Туған жер деп қай ақын толғамаған, қай жазушы тебіренбеді десеңші?! Әр адамның жүрек төрінен орын алатын қасиетті мекен, жырақ кетсең сағынатын мекен. Туған жер- алтыннан да қымбат қазына. Әр адамның туған жері туған анасындай қастерлі. Туған жердің әрбір тасы, әрбір сайы естелік тұнған ғажайыптар. Есейеміз, ер жетеміз туған жерді тастап арман қуып қалаға келеміз. Мүмкін шет елге де кетерміз, бірақ туған жерге деген сағыныш бәрібір жүрек түкпірінде тұрады-ау шіркін! Туған жерден жырақта жүрсең сол өңірдің өңі таныс....

Шығармалар
Толық

Отбасының берекесі бәрінен де қымбат (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалу мәдениеті. Мейрамдар»
Сабақ тақырыбы: Отбасының берекесі бәрінен де қымбат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.3 Отбасылық құндылықтарды анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Бақытты отбасы белгілерін анықтау.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Адамзат құқығы мен бостандығы – ең қымбат құндылық!

Әр заманның өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім өз құқына таласу, құқына тартысу болады.
Әлихан Бөкейхан

Тіршілік нышаны айқын, парасат кемелдігіне қол жеткізген, құндақталған сәби болмысынан бастап еркіндік жазуы маңдайына таңбаланған адамзат баласының телегей теңіз көңілін шайқап, тарихи таңбасына дақ түсірер; бар арман-мұратын мансұқ етіп, өмірлік мақсат-міндетіне күл шашатын кезеңдер тарихи-баян, яғни, қышқа қашалып, тасқа таңбаланған өткенімізде аз болмапты. Зобалаң мен зорлықта жүріп, бұлыңғыр мен буалдыр кезеңдерді өткеріппіз. Тұтас қарға тамырлы қазақ емес, бар әлем. Бір балаң емес, бар қоғам басыбайлылықтың қамытын киіпті. Айғақтаушы – тарих, арылтушы – ата заң есебінде... Абай атам айтқандай, келер заманың – көк тұман, шұғыла-жарығың көмескі. Адам тағдырының шерін бар әлем жырлап жатқанда, біздің дала ерекше күңіреніпті... олай болмасқа себеп те жоқ екен. Себебі, орын алған кез келген тарихи трагедияның ұстыны – адам тағдыры, тұлға құқығы және жеке бас еркінің бұзылмайтын бостандығы түсінігінде жүрген. Келіспеушілік пен келеңсіздіктер де осы тараптарда тарих таразысында әділетсіз әрі аяусыз өлшеніпті.........
Шығармалар
Толық

Маған қымбат ашық аспан

Соғыс... Әлемнің барлық тілдеріндегі ең үрейлі сөз. Ұлы Отан соғысы ХХ ғасырдағы ірі оқиға болып, тарихқа қасіретті беттер қосыты. Мен бақыттымын. Өйткені мен өз көзіммен соғысты көрген жоқпын. Осы сұм соғысқа біздің құрдастарымыз қатысқаны туралы ойлаудың өзі ауыр. Төрт жыл бойы адамдар қанды қырғынның, зұлымдықтың, қатігездіктің салтанат құруына куә болып, онымен күресіп, күл талқан етіп жеңді. Аязға, суыққа, аштыққа, жау оғына шыдап, ұйқы туралы ұмытты. Соғыста менің халқымның адам баласына тән ең жақсы қасиеттері: батылдық, ерлік, қайсарлық, кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншік сезімі бой көтерді. Қанша қиындық көрсе де сағы сынған жоқ. Соғыс адал, мейірімді адамды қатігез ете алмайды, олай болуы мүмкін емес. Жаратушы табиғаттың заңына ол қайшы келеді. Сол жылдар туралы естеліктерді майданнан келген бір жапырақ қағаз, жұпыны ғана ашық хаттар, ардагерлердің кеудесіндегі алқалар сақтап келеді. Соғыс ешқашан ұмытылмайды. Соғыстың түнегін, азабын көрген жауынгердің, баласынан, қосағынан айрылған ананың, талай адам көз алдында бақилық болып кеткен майдандағы дәрігердің түсіне енері анық.
Жаңғырып орны жараның,
Жазылып әлі кеткен жоқ,
Жоғалтқан ұлын ананың,
Көз жасы әлі кепкен жоқ .......
Шығармалар
Толық

Уақыт алтыннан қымбат №2 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы:Уақыт алтыннан қымбат №2
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т1. Болжау
7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
Тыңдаған үзіндінің жалпы мазмұнын түсіне алады;
Оқиғаның логикалық дамуын кейде дұрыс болжай алады.
Оқушылардың көпшілігі
Тыңдаған үзіндінің негізгі мазмұнын түсіне алады;
Оқиғаның логикалық дамуын жартысын дұрыс болжай алады.
Оқушылардың кейбірі
Тыңдаған үзіндінің толық мазмұнын түсіне алады;
Оқиғаның логикалық дамуын көбіне дұрыс болжай алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Уақыт алтыннан қымбат №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт алтыннан қымбат №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.ТБ1.4.
Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
Мәтіннен кейбір одағайларды түрлеріне ажырата алады;
Сахналық көріністе одағайлардың кейбір түрін қолдана алады.
Мәтін мазмұнын аша алды.
Оқушылардың көпшілігі
Мәтіннен барлық одағайларды түрлеріне ажырата алады;
Сахналық көріністе одағайлардың көп түрін қолдана алады.
Мәтін тақырыбын аша алды.
Оқушылардың кейбірі
Мәтіннен барлық одағайларды түрлеріне ажырата алады;
Сахналық көріністе одағайлардың барлық түрін қолдана алады.
Мәтін идеясын аша алды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Химия | Қымбат металдар және олардың құймалары

Табиғатта кездесетін алтын, күміс,платина, палладий, осмий, иридий, рутений және родий өздерінің химиялық тұрақтылығымен және әдемі сыртқы түрімен қымбат металдар деп аталған.
Алтын және олардың құймалары. Тіс протездерін жасау үшін таза алтын қолданбайды, өйткені ол бұл күйінде өте жұмсақ. Тіс протездеріне қойылатын талаптарға байланысты алтынға күміс, мыс, платина, кадмий, палладий сияқты металдар қосып механикалық қасиеттерін жоғарылатады. Қаттылығына байланысты алтын құймаларына жұмсақ, орташа қатты, қатты және өте қатты деп бөледі. Қатты және өте қатты құймаларды 700 С қыздырып , 10 минуттың ішінде, суытатын болса, олар жұмсарады. Алтын құймалардың мықтылығын арттыру үшін қыздырып өңдеп, 450 С ден 250 С аралығында 30 минут ішінде суыту керек. Алтын құймаларын құйған кездегі көлемінің кішіреиюі 1-1,2% .
Тіс протездері үшін мына таңбалар алтын құймалары қолданады: 900, 750, 583.
916 таңбалы құйманың түсі ақышыл- сары, өңдеуге жеңіл. Ол көпір тектес протездер, қаптама , микропротез, жартылай қаптама және әшекейге орындық жасау үшін қолданылады. Бұл құйманың кемшілігі қаттылығының жеткіліксіздігінде.
900 таңбалы ауыз қуысында коррозияға тұрақты, 916 құймаға қарағанда қатты, түсі, қызғылт. Иленгіштігіне байланысты қалыптпғандағы және аппаратқа салып жұқартқандағы қатаюын қып- қызыл етіп қыздырып өңдеп жұмсартады.
Алтын қалыпқа салып қалыптағанда қорғасын жастықтарынан және тез балқығыш құймадан: қоғасынның, висмуттың,қалайының және де т,б. металдардың жаңқалары (бөліктері) қалып қояды. Олар алтынды құйғанда кезде балқып онымен қосылысқа түседі. Сондықтан алтынды қыздырар алдында тұз қышқылына немесе азот қышқылына салып тазартып алады. Қыдырған кезде алтынның сыртқы қабаты тотығады.
Бұл тотықты тазалау үшін де тұз қышқылын қолданады. 750 таңбалы құйманың құрамына кадмий мен платина кіреді. Кадмииді 50-10% етіп қосатын болса құйманың балқу температурасы төмендейді. Сондықтан бұлндай дәнекер ретінде қолдануға болады.
Күміс- палладий құймалары 70- шы жылдардан бастап күміс палладий құймалары қолданыла бастады. В.Н. Копейкиннің дерегі бойынша бұл құймалар қасиеті жағынан алтынның құймаларына жақын. ....
Рефераттар
Толық

Жаңа жылдан бастап елімізде коммуналдық тарифтер қымбаттайды

2018 жылдан бастап Қазақстанда тарифтер қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Астанада өтіп жатқан 16-шы ERRA конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ, baq.kz сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық