«Парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер

Біз түрлі одақтар мен басқосуларда, спартакиада мен азиадаларда, саммиттер мен эксполарда 30 жыл бойы шырылдағанымыз аздай, карантинде де түрлі челлендж жасауда алдымызға жан салмай, онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой.

Сөз өнерін қадірлейтін халықтың жүрегіне айтыскер ретінде жол таба білген Балғынбек Имаш "онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой" деп отыр. Ол бұл сөзі арқылы әншілерді шегірткеге теңеген белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың пікірімен келісетінін жеткізді. Ақынның ойынша, ел тәуелсіздік алғалы реформадан көз ашпаған білім министрлігінің кесірінен жастарда білім жоқ екен.....
Жаңалықтар
Толық

Табиғат тағылымы Аударған Абай Құнанбаев Шегіртке мен құмырсқа (3 сынып, I токсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Табиғат тағылымы Аударған Абай Құнанбаев. Шегіртке мен құмырсқа
Оқу мақсаты: 3.1.3.1. Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау ;
3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:. шығарма жанрын ажыратады, мысал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Көптеген оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді, кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
Кейбір оқушылар: оқиғаның соңын болжап айтады, кейіпкерлердің атынан диалогті жалғастырады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жәндіктер туралы жұмбақтар

Иісшіл - ит емес,
Ұшады -құс емес.
Шыбын

Бар жұмысы ермегі.
Талмай қанат қағады.
Еңбекті қош көрмейді,
Жат ыдысты бағады.
Шыбын

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жәндіктер (құмырсқа, өрмекші, маса, ара, көбелек, шегіртке)

Қарайып ұшқанымен қарға емес,
Ін қазғанмен түлкі емес.
Арқасында боқшасы,
Жинағанмен мүлкі емес.
Қара қоңыз

Бір палуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.
Құмырсқа

Елек-елек тарым бар,
Көтере алсаң бәрін ал.
Құмырсқаның илеуі
Жұмбақтар жауабымен
Толық