Тарих | КІШІ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ

“Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды.
Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және шілде айларында басталды. 1927 жылы өткен VІ Бүкілқазақтық партия конференциясындағы баяндамасында Голощекин бұл науқан барысында 319.516 қожалықтың 2387.384 десятина жері бөліске салынғанын айтты. Дәл осы конференцияда былай деді: “Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып алуға зорлай және көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т.с.с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Ақпан төңкерісі Саяси партиялар мен ағымдар

Тарихта үлкен із қалдырған Ақпан және Қазақ төңкерістері қоғамның бет-бейнесін түбегелі өзгертті. Россияда мыңжылдық монархия құлап, уақытша үкіметі мен кеңестер үкіметі құрылған кез. Қазақстанда да монархияның құлатылуы әртүрлі топтарға әрқалай әсер етті. Уақытша үкімет дін мен партия бостандығына рұқсат берісімен-ақ қазақ жерінде қаптаған партиялар құрыла бастады. Ішіндегі ең белдісі де беделдісі «Алаш» партиясы дараланды. Осынау бір толқлумен аласапыран уақыттағы қоғамдық партиялар мен ағымдардың шығуы мен іс-әрекетін қарастыру курстық жұмысты ң өзекті мәселесі.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Ақпан төңкерісінің мәнін ашу, уақытша үкімет тұсындағы сьаяси партиялар мен ағымдар шығуына олардың қызметіне тоқталу.
Курстық жұмыстың мітндеттері:
Курстық жұмыьста төмендегідей міндеттер қойылады:
- Ақпан буржуазиялық демократиялық ревалюциясының мәні, Қазақстандағы ревалюция кезіндегі жағдайға жалпы шолуъ
- Саяси партиялар мен ағымдардың құрылуына тқталу
- «Алаш» партиясының қоғамдық халықтық қызметін атып өту
- Саяси париялар мен ағымдардың қоғамдағы іс-әрекетін баяндау.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Англиядағы буржуазиялық төңкеріс

Англиядағы буржуазиялық төңкерістің салдары. 1628 жылғы "Құқық
жайлы петиция". Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің негізгі кезеңдері
мен ерекшеліктері.
1640 жылғы Англиядағы буржуазиялық төңкеріс бүкіл дүниежүзілік тарихқа өсерін тигізіп, халық өмірін жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға келтірді. Англияның төңкерісі буржуазиялық төңкеріске жатады. Бұл жағдайды өнеркәсіптің ауыстырылуы және басқа қанаушы таптар билікті өз қолына алды деп түсінуге болады. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің феодализмнің дамуына байланысты көп ерекшеліктері бар болатын. Төңкеріс кезінде Англияның мемлекеттік құрылысы аяқталмаған шексіз феодалдық монархияға жататын. Корольдің билігі шексіз болса да, ол парламентті таратқан жоқ еді. Англияның жергілікті өзін-өзі басқару органдары демократиялық принциптерін сақтаған болатын және қуатты төрелік сот өзінің қызметтерін тоқтатқан жоқ еді. Феодализмнің капитализмге өтуін тоқтатқан және шектеген бірталай жағдайлар болған еді. Оларды түсіндіру үшін орта ғасырлардың құқықтық нормалары мен әдеттері туралы айтқанымыз дұрыс. Буржуазияның наразылығын туғызған феодалдық монополиялар. Олар сауда қызметтерін еркін жүргізгісі келетін, бірақ король патенттерінің бәрін өзі сататын. Ал патентсіз сауда жасауға немесе өнеркәсіп ашуға бір де бір адамдарының құқықтары болмайтын еді. Корольге патенттерді сатып өзінің қазынасын толтыратын осындай жүргізген саясаты пайдалы екені анық.....
Курстық жұмыстар
Толық

Жанқиярлық пен жанкүйерлік немесе қазақ елін "кіші жүзсіз" елестетіп көр..

Оу Қазеке, ашуыңды бас! - дегім-ақ келді сол уақта.. Дегенмен,жағдайды ушықтырмай, мәселенің саябырлауын тостым. Енді ғана көзім жеткендей болды. Сіздер де құлақ түре отырыңыздар.

Ары-бері жаңалық ақтарып, әлем елдерінен титықтап жиған саясатымыз ұшты-күйлі мансұқ етіліп, төбелі төңкеріс беретін түрі бар сықылды. Оны мен сәл бұрынырақ сезіп ем. Белгілі саясаткер Айдос Сарым ағамыздың сөзімен айтқанда : "Әліптің артын бағу керек пе, әлде кеңесарылыққа дайындалуымыз тиіс пе?" Түсінген адам - түсінді. Мұнымен не айтпақпын? Бастарыңызды....
kz
Толық

Ұлы бір күндік төңкеріс (ҰБТ) батырларына

●•●• Қуантып, кейбірін жылататұғын сол бір күндердің алғашқы легі басталып та кетті. Нені меңзеп тұрғаным - еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бесенеден белгілі болар.. Тұрсынбек ағамыздың сөзімен айтсақ : "Ұлы бір күндік төңкеріс". Төңкеріс деуінде де мән жатыр-ау. Біз де сол сұрапыл кезеңнің батырлары емеспіз бе?! Қырғын арасынан.....
kz
Толық