Түс көрген әкім

Бiр күнi бiр жiгiт түс көрiптi. Түсiнде әкiм болып жатыр екен. Түсiн бiр молдаға жорытыпты. Молда "2-3 айда әкiм болатын шығарсың" дептi. 2-3 айдан соң жаңағы жiгiт әкiм болыпты. Тағы бiр күнi ұйықтап жатса президент болып жатыр екен. Тағы әлгi молдаға барып:
- Түсiмде президент болып жатыр екем, бұны қалай жорисыз? - десе, молда:
- Түстi де адам шамасына қарап көру керек қой, - дептi.

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Сатиралық ертегі: Алпыс сиырлы молда

Бір молданың алпыс сиыры болыпты. Қасындағы көрші жігіттің бір керемет, тұқымы жақсы бір сиыры болыпты. Молда бұл сиырға өте қызығады да жүреді екен. Молда ойлайды: осы жігіттің сиырын нендей әдіспен түсіріп алсам екен деп, ойлай-ойлай, мынау әдісті табады.
Қолына кітабын алып, айғайлап, жігітке естіріп мынау сөзді айтып, зарланып отырады.
– Егер де бір кім ерсе,
Молдаға бір сиыр берсе,
Алла тағала ол кімсанаға алпыс сиыр нәсіп етер, – деп, бүгін де, ертең де жігітке естіріп соғады да қояды. Жігіт ойлайды: осы молда шын айтатын болар, бұған бұл бір сиырды берейін, Алла маған алпыс сиыр берсе, бір күнде байып кетпеймін бе? – деп ойлап кетіп, әйеліне ақылдасса, әйелі:
– Ойбай, салып берме, – десе де, жігіт әйелінің тілін алмай, сиырға жіп тағып әкеліп, молдаға береді. Молда дұға қылып, бетін сипап:
– Алла тағала саған менің сиырымдай алпыс сиыр береді, –дейді. Молда дегені болған соң әлгі жақсы сиырды бітеу қораға қойып, көркейтемін деп жемдейді.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Молданың тобасы

Ертеде бір молда есегімен келе жатып, ескі қыстауға кез болыпты. Келсе, ешбір қыбырлаған жан жоқ. Тек ұшып-қонып, шықылық қаққан құстарды көреді. Жағалай қораның ара-арасымен өтіп, көгалдау жерге келіп, түседі. Түсіп, есегінің ауыздығын алады. Есегі оттап жатады, өзі судың басына келіп, дәрет алып отырады. Бұл молданың бет алысы Топар бойында біреу шақырған екен, шақырған себебі – шақырған кісінің бір баласының сұлу әйелі болады, ол баласын менсінбейді екен. Содан молдаға:
– Дуа оқып, басын айналдырып бер, – деп, шақырған екен. Сонымен молда шақыруын қабыл етіп, жол шегіп, келе жатқан екен. Дәретін алып болып, молда бесін оқуға кіріседі. Есегі оттап тұрады, содан төскейге қарай бетін түзеп, намазын оқуға кіріседі, әуелі азан айтып алады, екі құлағын ұстап, азанын айтып болған соң «Аллау әкбар», – [деп], қолын жайып, бата қылады. Сәждеге басын қойып, бір-екі еңкейе бергенде, артынан біреу келіп, түртіп қалады. Бірақ молла пісмілләсін айтумен намазын оқып, тұра береді. Әлгі түрткі қайта-қайта молданың арқасынан жыбырлата түседі. Молда қарайын десе, намазы бұзылатын, қарамайын десе, тиыштық бермей барады. Бір мезгілде:
– Аһ-һ, бісміллә, – деп секіріп, анадай жерге түседі. Қараса, шашы дудыраған, жалаңаш бір адамзат пиғылы бар біреу екен. Молда жиырма шақты қадамдай жерге барып, ақырады:......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Алдар Көсе мен молда

Күндерде бір күн Алдар көсе молдаларды мұқатуға шығады. Ол өз үйінен кетерде әйеліне:
– Үйді жақсылап жина, мен молданы шақырып келермін.
Келісімен: «Шай қайнат, әйел», – дермін, сен төсектен қозғалмай жата бер, екінші рет айтармын, онда да тіл алма, мен сені өткір пышақпен бауыздармын, сен тауықтың қанын толтырып, қуықты тамағың астына байлап, жат. Мен одан соң:
– «Молдеке, әйелім өліп кетті. Оқуыңды оқы», – дермін. Молда бірдеме оқыса, тірілме! Содан соң мен өзім келіп, құлағыңа түтікпен сыбырлармын, сен «Қатты ұйықтап кеткен екенмін», – деп, ұшып тұра кел, – дейді.
Әйелі мақұлдап:
– Жарайды, – деп, қалған екен.
Көсекең түтігін жанына салып, бір қу молданың үйіне келеді. Молда келсе, зулатып дін кітаптарын оқып жатыр екен дейді. Алдар көсені көріп, молда:.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Молда, ұста, тігінші

Бір молда, бір ұста, бір тігінші—үшеуі жолдас болып келе жатып, баратын жеріне жете алмай, түн болып кеткен соң бір жерге қона кетіпті. Артып келе жатқан нәрсесі бар екен, үшеуі де ұйықтаса біреу әкетіп қалар деп, кезекпен қарауыл қойыпты. Ең алдымен ұстаны қарауыл қойыпты. Ұста жалғыз өзі зерігіп, ұйқысы келген соң бір үлкен ағашты кесіп алып, адамның дене (мүсінін) айнытпай жасап шығарыпты. Сосын тігіншіні оятып, өзі ұйқыға кірісіпті. Тігінші ағаштан істеген адамды көріп «менің өнерім бұдан кем бе» деп, дереу әдемі киім тігіп, ағашқа кигізеді. Ағашта тек жан жоқ болғаны болмаса, адамнан айнымайды. Тігінші молданы оятып, өзі ұйқыға кіріседі. Молда ағаш адамды көріп таң қалады. «Бұлар өнерін көрсетіпті, енді мен қайтем» деп қайғырыпты молда.

Сосын «енді осы ағашқа жан бітірсең екен» деп Құдайға жалынып жылапты. Құдай көз жасын қабыл алып, ағашқа жан бітіп, бір сұлу қыз болыпты. Сұлулығы соншалық, бетіне қарасаң көзіңнің жүзі таяды екен.....
Ертегілер
Толық

Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» ... Исі қазақтың афоризміне, ұлттың ұранына айналған сөз тіркесі. Қазақтың болмысын, мінезін, бәрін өлеңмен өрген ақын, ұлт жанашыры, қайраткер Жұбан Молдағалиев пен нағыз қазақ есімі егіз іспетті. «Мен туралы дастан да сен туралы, менше көрсең, менше ойлап ертеніңді», қазақты Жұбанаша сүю Жұбанаша ойлау – талайдың арманы.
«Пәк сәбимен бесікте уілдеген, дәуірлермен құрдаспын данамын мен»... Сәби Жұбанды бесігінде тербеткен Ақ Жайығы ақынды табиғи талант, адами ер, қарым-қабілеттен кенде қылмаған. Осыдан....
Шығармалар
Толық

Шығыстың батыр қыздары – Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Х.Доспанова ерліктерінің қазақстандық патриотизмді дамытудағы тарихи маңызы

Жасырмай айтар болсам жан сырымды ,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Елдің ерлігін тану үшін қашанда оның әрі тұлғаларымен ,айқындала түсетінін биіктерден барып білесің.Тарих көшінде миллиондардың атын шығаратын бірегей бір туар тұлғалардың да қажеттігі осыдан шығар.Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова, М.Мәметова , Х.Доспанова ерліктерін көрінген ер шыдай бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп ерлік көрсеткен қазағымның қаһарман қыздары.Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлтын жас ұрпағына қайсарлықтын,жігерліктің ,отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген қаһарман.Жангешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына,аруақтысына айналып,есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған өзінің тірі ескерткіштерін көбейтіп кеткен қазақ қызы. Кешегі қызыл империяның ресми идиологиясы Әлияның құның әрине,кеміткен жоқ.Керісінше оның ісін өзін аяулы тағдырын ұрпақ тәрбиесіне «ұрпақ болғанда комсомолдармен пионерлер » тәрбиесіне мейілінше пайдаланды.Әлия – аты аңызға,ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің,текті қыздардың кіндігін кескен жердің перзенті......
Шығармалар
Толық

Сыршы молда (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолыма қалам алдым жұма күнi,
Жазып тамам әйладым күн мен түнi.
Мұсаның заманында бiр падиша
Болыпты, әлеуметтер, тыңла мұны.
Өзi патша уа және қазынасы көп,
Бұл дүния мақсұтына көңiлi тоқ.
Сексенге келген бар-дүр оның жасы,
Арманы бiр-ақ оның — перзентi жоқ.
Падиша перзент үшiн жедi уайым,
Әзелде жазбаған-дүр бiр Құдайым.
«Бiр Алла маған перзент берер ме?» — деп,
Падиша үмiт етер жыл-жыл сайын.
Сексенге келдi патша, әлi үмiтте,
Құдайым рахман ерүр һәр үмiтке.
Мұсаның бiр күн патша жолын тосты,
«Бiр дауа бола ма, — деп, — iшкi дертке».
Айтады: — Раббым менi патша қылды,
Һәм өзi жарылқағай бiздей құлды.
Құданың дәргаһына жеткiз, тақсыр,....
Өлеңдер
Толық

Шығармадағы оқиғаны болжау «Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі) (4 сынып, II тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі
Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі)
Оқу мақсаттары: 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы тақырыбына сүйеніп мұғалім көмегімен сюжеттің дамуын болжайды, шығарманың композициялық құрылымын атай алады.
Көптеген оқушылар: шығармаданың қорытынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, себептерін мәтіннен келтіре алады, мұғалім көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады;
Кейбір оқушылар: шығармадағы шығарманың тақырыбына сүйене отырып сюжеттің дамуын болжай алады, себептерін бағалай отырып түсіндіре алады, шығарманың композициялық құрылымын анықтайды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық