Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.4 адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
адам әрекетінің өсімдік әлеміне әсерін түсінеді;
табиғи бірлестіктерді сақтап қалу жолдарымен танысады.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.4 адам іс-әрекетінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Адам әрекетінің өсімдік түрлерінің азаюына және көбеюіне әсерін сипаттау.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жау, дұшпан, қас

Мың жаудан бір жансыз жаман.

Мұзға сүйенбе, жауға сыйынба.

Ағайын ала болғанда,
Ауыздағы ас кетер.
Аңдыған дұшпан көбейіп,
Жау қолында бас кетер.

Ат арқасына ер батса,
Аяңшыл келеді.
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл келеді.

Ағайын
бар болсаң, көре алмайды,
жоқ болсаң, бөліп бере алмайды.
жақсы болсаң, күндейді,
жаман болсаң, жүндейді.
Мақал-мәтелдер
Толық

Абай Құнанбаев (Бес дұшпан)

«Бес дұшпан» - Абай айқындап берген адамгершілікке жат этикалық-әдеп нормалары. Абай «Бес асыл ісінде» нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтса, «Бес дұшпанда»: «Адам болам десеңіз, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - Бес дұшпаның, білсеңіз...» -деп адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады. Ақынның түсіндіргеніндей адамгершілікке жат жаман қылықтар - арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік....
kz
Толық

Антон Чехов | Дұшпандар


Сағат онға қараған қыркүйектің бейуақ кешінде земстволық дәрігер Кириловтың алты жасар жалғыз ұлы Андрей жұқпалы тамақ дертінен қайтыс болды. Дәрігердің әйелі жаңа ғана көз жұмған сәбидің төсегі алдында тізе бүгіп, дәрмені құрып, талықси берген кезде ауыз үйден қоңырау шыр ете түсті. Қауіпті аурудан қорқып, барлық жалшы біткен таңертең - ақ үйден аласталды. Кирилов бешпетсіз, желеткесі желбегей, карболка күйдірген қолы мен тер сорғалаған бетін сүртпестен есікті өзі барып ашты. Ауыз үй тастай қараңғы еді, үйге кірген кісінің тек орта бойлы, ақ бөкебайлы, боп-боз, жалпақ бетті жан екенін ғана байқайсың, шүберектей бозарған адамның ішке енгені сол, ауыз үй жап-жарық боп кеткендей...

— Дәрігер үйде ме екен?.. — деді кірген кісі аптыға сөйлеп.

— Үйдемін! — деді Кирилов, — нендей шаруаңыз бар еді?

— А, бұл сіз бе? Өте қуаныштымын! - деді кірген адам қуанып, қараңғыда сипаланып, дәрігердің қолын алып, қатты қысты. — Тіпті... өте қуаныштымын! Біз бұрыннан таныспыз ғой!.. Мен — Абогинмін... Жаздыгүні Гнучевтікінде өзіңізбен бірге болып, бір жасап қалып ем. Сізді үйден тапқаным қандай жақсы болды... Құдай үшін, қазір менімен бірге жүрсеңіз деймін... Әйелім қатты сырқаттанып қалды... Көлігім де дайын...

Үйге кірген кісінің дауысынан да, жүріс-тұрысынан да әбден абыржығандық байқалады. Тап бір өрттен, әлде құтырған иттен шошынған ба дейсің, ентігіп әрең демалып, даусы дірілдеп, сөзінде пәтуа жоқ, бала құсап былдырлап кетті. Есі шығып, үрейі ұшқан адам секілді, бұл да сөзінің аяғын жұтып, бұзып-жарып сөйлейді, келген шаруасына қатысы жоқ қайдағыны айтып сандырақтап тұр. .....
Әңгімелер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Дұшпаның бар ма?)

-Дұшпаның бар ма? -дейсің,
Қайдан білем...
Әйтеуір, жүрген жерім - сайран кілең.
Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы,
Алдымда - ақ дастарқан, жайған кілем.
Дұшпаным жоқ-ау деймін....
Өлеңдер
Толық

Дұшпан, жау

Әйел адам сырынды алса,
Дұшпан үштен бірін алады.

Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ.
Бүгінгі дос ертең жау (Абай).
Мақал-мәтелдер
Толық