Түс жору. Қандай түс көрдіңіз?

Сөздікке жүгінер болсақ, түс дегеніміз – ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен, я болашақта болатын оқиғалардың сол күні бірқатар нышандар арқылы тамашалануы, яғни жалпақ тілмен айтқанда, ұйықтап жатқанда көрінген тылсым белгілер. Екі аяқты, жұмыр басты пенделердің арасында түс көрмегендер қатары жоқ болар, сірә? Шырт ұйқыдан ояна сала, түні бойы көрген түстерімізді жори алмай әбігерге түсіп жатамыз. Ерекше түс көре қалсақ, күні бойы өз-өзімізге келе алмай, айналамыздағыларға қайта–қайта айтумен болып, «Түс – тәңірдің аяны» дегенге сеніп, көрген түсіміздің ненің нышаны екендігін білуге асығамыз. Ал енді біреулеріміз «Түс – түлкінің тезегі» - деп, қолды бір сілтеп, мән берместен жүре де береміз. Дегенмен, ақиқатқа айналып жатқан түстеріміз қаншама? Сондықтан, халқымызға тән салттарға сүйене отырып, сіздердің назарларыңызға түс жорудың бірнеше үлгілерін ұсынуды жөн көрдік.

Егер адам түсінде:

Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
Жақсы көйлек кисе - кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
Өзінің өліп қалғанын көрсе - онда өңінде ұзақ жасайды.
Кісі әйелдің қойнында жатса......

Кеңестер
Толық

Қай түс сіз туралы айтып береді?

Айналадағы барлық құбылыс, жаратылыс адаммен тікелей байланысты. Мысалы, түстердің өзі адам психологиясына әсер етеді екен. Яғни, сізге ұнайтын түс сіз туралы хабар береді. Олай болса, тексеріп көрейік.
Кеңестер
Толық