89 сабақ Негізгі және туынды етістік (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Атақты тұлғалар»
Сабақтың тақырыбы: 89 сабақ Негізгі және туынды етістік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.6.1мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін) жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;
3.3.2.1өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу;
3.4.2.4негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
- мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;
-нұсқаулықты пайдаланып, мұғалімнің көмегімен өмірбаян жазады;
- мұғалімнің қолдауымен, үлгіні пайдаланып, қажетті жұрнақты қойып туынды етістік жасай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
- көмекші кесте негізінде ұқсас тақырыпта берілген мәтін стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;
- нұсқаулықты пайдаланып өмірбаян жазады;
- үлгіні пайдаланып, қажетті жұрнақты қойып туынды етістік жасай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.
Оқушылардың кейбірі:
- өздігінен мәтін стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;
- өздігінен өмірбаян жазады;
- қажетті жұрнақты қойып туынды етістік жасай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық